«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

БҚО Кәсіпкерлер палатасын Нұрлан Қайыршин басқарады

2016 жылғы 27 Мамыр
- Батыс Қазақстан облысы
15514 просмотров

«Атамекен» ҚР ҰКП Басқармасы шешімімен Нұрлан Қайыршин Батыс Қазақстан облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры болып тағайындалды

ӨКП-ның жаңа басшысын Палатаның Өңірлік кеңесінің отырысында төраға Валерий Жүнісов таныстырды.

«Нұрлан Қайыршинді таныстырып жатудың қажеті жоқ, өйткені ол өңірлік кеңестің негізі қаланғаннан бері директордың экономикалық мәселелер жөніндегі орынбасары болып қызмет атқарып келді әрі өзін сауатты, бизнесті дамытуға қатысты мәселелер туралы ақпаратқа қанық маман ретінде көрсетті», – деді Валерий Жүнісов.

Өңірлік кеңес төрағасының айтуынша, Нұрлан Қайыршиннің «Палатада басшы ретінде жұмыс тәжірибесі бар, ал жастығы басты артықшылығы, өйткені Өңірлік палатаның алдында тұрған көптеген мәселелерді шешуде қайраткерлік, жасампаздық, қалыптан тыс тәсілдер қажет».

«Директорлық лауазымы үлкен жауапкершілік артады, шешім қабылдауда қатаң әрі икемді болуды талап етеді. Нұрлан Қайыршин жаңа міндеттерді атқара алады деген сенімдеміз», – деп сөзін тәмамдады Валерий Жүнісов.

Облыс әкімінің орынбасары Игорь Стексов Кәсіпкерлер палатасының жаңа директорын құттықтай отырып, «атқарушы билік пен Палатаның арасында нәтижелі байланыс орнағанын» атап өтті.

«Әріптестік одан әрі де жалғасын табады деген сенімдеміз. Бастысы, бұл жұмыстың нәтижесі өңір экономикасындағы оң және құрылымдық өзгерістерді көрсететін бизнес дамуының бастамасы болу қажет», – деді  Игорь Стексов.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер