«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бизнесті французша жүргізу

2016 жылғы 07 Маусым
- Батыс Қазақстан облысы
14268 просмотров

Франция елшісіне Кәсіпкерлікті дамытудың өңірлік картасы таныстырылды

Кәсіпкерлер палатасында Орал өңірі бизнесмендері Францияның Төтенше және Өкілетті елшісі Франсис Етьен мырза бастаған Француз Республикасының делегациясымен кездесу өткізді.

Француз елшілігінің делегациясына сәлем берген облыс әкімінің орынбасары Игорь Стексов Қазақстан-Француз ынтымақтастығының қарқынды дамуы Батыс Қазақстан  облысына инвестициялар тарту үшін, екіжақты өзара тиімді келісімдер жасау мүмкіндіктерін іздестіру үшін серпін беретініне сенім білдірді.

Француз делегациясына келесідей инвестициялық жобалар ұсынылды: Орал қаласының әуежайын реконструкциялау, индустриалдық аймақ құру, күн электр станцияларын салу, қатты тұрмыстық қалдықты қайта өңдеу және басқалар.

Өңірлік палата директоры Нұрлан Қайыршин Кәсіпкерлікті дамытудың өңірлік картасын таныстырып өтті, бұл ретте аударма қажет болған жоқ, өйткені таныстырылым ағылшын тілінде жасалды.

Франсис Етьен таныстырылған ақпаратқа ризашылығын білдірді. «Мен инвестициялық жобалар туралы ақпарат екі ел арасындағы іскерлік қатынастарды одан әрі дамыту үшін өте пайдалы деп санаймын, – деді Франция елшісі. – Өз тарапымнан осы ақпаратты біздің инвесторларға барынша жарнамалайтын боламын, барлық жобаларды көрсетемін. Әсіресе Кәсіпкерлікті дамытудың өңірлік картасы көп көмектесетін болады. Біздің бизнесмендер сіздердің өңір қандай екенін, Батыс Қазақстанда ынтымақтастықты дамытуға арналған қандай мүмкіндіктер бар екенін көрнекі түрде көреді».

Дипломат сондай-ақ, француз димпломатиялық миссиясында Франция мен Қазақстанның халықаралық ынтымақтастығын нығайту және кеңейту үшін не істеліп жатқанын айтып берді. «Біз қазақстандық мамандарды оқытуға қызығушылық танытып отырмыз, бұл ретте бұл оқуды Францияда ғана өткізіп қоймай, сонымен бірге Қазақстанда да өңірлерге сарапшылар мен тренерлерді шақыру арқылы ұйымдастырмақпыз, – деп атап өтті Франсис Етьен. – Сондай-ақ, іскерлік қатынастарды іске асыру үшін визалық режимді оңайлату, Астана – Париж және Алматы – Францияның оңтүстігі арасында тікелей рейстер ашу және оның тұрақты қызмет етуі мәселелері шешімін таппақ».

«Қарым-қатынас жолға қойылды, екі тарап та мүдделілік танытып отыр, – деді кездесуден кейін Нұрлан Қайыршин. – Енді біздің тарапымыздан шетелдік әріптестерімізді қызықтыра алатындай жақсы жобалар қажет».


Еншілес ұйымдар

Серіктестер