«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Тас түскен жеріне ауыр

2016 жылғы 15 Маусым
- Батыс Қазақстан облысы
9146 просмотров

Бір қарағанда, заңды болып көрінетін жергілікті  атқарушы органдардың іс-қимылдары  кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтарын күтпеген жерден бұзады.

Бұған БҚО Кәсіпкерлер палатасына шағымданған кәсіпкер Зүкен Алиеваның  өтініші айғақ болады.

Жеке кәсіпкер міне екі жыл болды, телімге ауыртпалық салынуына байланысты  жекеменшік құқында тұрған  жер теліміне иелік жасай алмай келеді. Іс мынада, Орал қаласы әкімдігінің бекітілген қаулысына байланысты Орал қаласы «Б» тұрғын ауданын жоспарлау жобасы «Алиева З» ЖК-ға тиесілі жер телімі меншік иесінің келісімімен мүлікті теңбе-тең өтеу жағдайында мемлекеттік қажеттілік (ҚР Жер  кодексінің 84 б.) үшін  иеліктен шығарылуы тиіс болатын.

Осыған байланысты жер телімін алу процедурасы қозғалды, бұл туралы кәсіпкерге хабарлама жіберілді.  Оралдың Жер қатынастары бөлімі әділет басқармасына хат жолдап, сонан соң басқарма көрсетілген телімге ауыртпалық салды.  Былайша бәрі жөн сияқты: барлық рәсім сақталған,  тек шенеуніктер іске қосылған механизм тоқтап қалуы мүмкін екендігін ескермеді. Орал қалалық мәслихаты ақшалай қаржының жетіспеуіне байланысты жер телімін сатып алуға ақша бөлуде жер қатынастары бөліміне қарсылық білдірді.  Осылайша жер телімі иесінде қалды, ал ол салынған ауытпалыққа байланысты иелік ете алмайды.

Мәселені жан-жақты зерттеген соң, Кәсіпкерлер палатасының құқықтық блогының сарапшылары Палата ұстанымын баяндай келе, кәсіпкерлік субъектісінің құқықтары бұзылғанын айтып, Орал қаласы прокуратурасына хат жолдады. Орал қаласы прокуроры қала әкіміне «Алиева З» ЖК-ның жер телімінен ауыртпалықты алып тастау қажеттігі жайлы ұсыныс жіберді.  Ұсынысты қарағаннан кейін, БҚО әділет департаменті жоғарыда аталған жер телімінен ауыртпалықты алып тастады.  


Еншілес ұйымдар

Серіктестер