«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Мағжан Әуезов: «БЖЗҚ активтерінің бір бөлігін құнды қағаздарға инвестициялау қажет»

2016 жылғы 17 Маусым
12003 просмотров

ҰКП III Съезінде Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығының басшысы жыл соңына дейін БЖЗҚ активтерінің бір бөлігін жекеменшік компаниялардың басшылығына тапсыру жөніндегі механизмді жасап шығару туралы ұсыныс тастады

«Біз 2016 жылдың соңына дейін зейнетақы активтерінің бір бөлігі қаражатының бір парасын қазақстандық эмитенттер қағаздарына орналастыру талабымен жекеменшік басқарушы компаниялардың басқаруына табыстау механизмін жасап, оны жүзеге асыру маңызды деп санаймыз», – деп атап өтті Мағжан Әуезов.

Қауымдастық басшысының пікірінше, «зейнетақы активтерін экономиканың шынайы секторына қор нарығы құралдары арқылы тікелей инвестициялау мүмкіндігінің болуы нарық белсенділігінің деңгейі мен компанияның мүмкін болатын алыс-беріс көлемін анықтайтын басты факторлардың бірінен саналады». Бұл тұста ол зейнетақы активтерін шынайы секторларға инвестициялау көлемі бірнеше жыл бойы «өте төмен» болып отырғанын айтты.

«Нақтырақ айтсақ, 2014 жылы ұжымдық облигациялардың ішкі биржа нарығындағы орналастыру көлемі 345 млрд теңгеге тең. Дегенмен, олардың 300 млрд теңгесі банк облигациясына салынғанын түсіну керек. 2015 жылы орналастыру көлемі 1 трлн теңгеге жетіп, оның 75%-ы тағы да инвестициялар мен квазимемлекеттік секторға инвестицияланды. Осылайша, қазіргі таңда, БЖЗҚ құнды қағаздарға инвестициялау үлесін алып қарасақ, құнды қағаздар нарығы ұзақ мерзімді несиелеудің маңызды баламасы болып отыр», – деді Мағжан Әуезов.

БЖЗҚ (Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры) Қазақстанда 2013 жылдың 22 тамызынан бастап іске қосылғанын еске сала кетейік. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері ҚР Үкіметі (Қаржы министрлігінің мемлекеттік мүлік және заңдастыру комитеті түрінде), БЖЗҚ зейнетақы активтеріне Қазақстанның Ұлттық банкі басшылық етеді. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер