«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

«Банкроттыққа ұшырау» - бизнестің күйреуін білдіреді ме?

2016 жылғы 17 Маусым
- Батыс Қазақстан облысы
10180 просмотров

Банкирлер мен салық қызметкерлері кәсіпкерлерге бизнеске арналған оңалтуды пайдаланудың жаңа мүмкіндіктері туралы айтып берді

ӨКП Кәсіпкерлер құқықтарын қорғау және әкімшілік кедергілерді азайту жөніндегі бөлім басшысы Мағрипа Нигишеваның айтуынша, көптеген кәсіпкерлер қолданыстағы заңнамада қарастырылған кәсіпорынды қаржылай оңалту құралдарын қолданып көрмеген, осыған байланысты Палата кәсіпорынды қалпына келтіру арқылы қаржылық жағдайды оңалтуға арналған экономикалық және құқықтық құралдарды түсіндірумен ұдайы айналысып келеді.

«Қазіргі күні қазақстандық бизнестің жағдайы мәз емес. Әлемдік экономикалық дағдарыс, Ресейге қарсы санкциялар, мұнай бағасының құлдырауы – бұл факторлардың барлығы да біздің экономикалық секторға жағымсыз әсер етіп, оның өсу және даму қарқынын айтарлықтай төмендетті. Осының салдарынан көптеген компаниялар мен кәсіпорындар я өндіріс, тауарлар, қызметтер көлемін қысқартты, я өз қызметін мүлдем тоқтатуға мәжбүр болды. Мына күрделі кезеңде бәсекеге қабілетті бола тұра, кәсіпорындар қарыздары мен несиелерін төлеуде қиындық көріп отыр. Бүгінгі Банкроттық және оңалту процедуралары туралы заңнама кәсіпорын жұмысын тоқтатпай, оны шиеленіскен жағдайдан шығарудың мүмкіндіктерін қарастырса да, «банкроттыққа ұшырау» деген беймаза сөз бұрынғыдан жиірек естіліп жүр», – деді Мағрипа Нигишева.

ӨКП өкілі кәсіпкерлерге «Оңалту және банкроттық туралы» ҚР заңы қабылданғаннан соң, борышкер кәсіпорындар оңалту процедураларын пайдалануына қатысты банкроттық жүйесі айтарлықтай жетілдірілгенінн жеткізді. Борышкер компания үшін оңалту процедурасы бизнесті құтқару мен төлемге қабілеттілікті қайтаратын тамаша мүмкіндік. «Мемлекет бизнеске қол ұшын созып, оның тоқтап қалмауы үшін, оның даму бағдарламасын өзгертуі үшін мүмкіндік береді. Тығырыққа тірелген бизнесті одан ары тұқыртпай, қандай тәсілмен болса да сақтап қалу, тіпті оған жан бітіру, барынша көп компанияны тоқтап қалудан сақтау маңызды, себебі, осылайша жұмыс орындары сақталады, салықтар есебінен бюджет те толығады», – деді Өңірлік палата бөлім басшысы.

Бірақ, шынтуайтына келгенде, бұл процедураның танымалдығы осы күнге дейін айтарлықтай төмен болып отыр. Төлемге қабілетсіз компаниялардың көбі іс жүзінде «банкроттыққа ұшырауға» мәжбүр болып отыр. Бұл сот жүйесінің жетілмеуіне, оңалту және банкротқа ұшырау процедуралары мерзімінің тым созылып кетуіне байланысты болып отыр.

Кездесу барысында «СВИТ» ЖШС, «Snec Sauda» ЖШС оңалтудан өткізудің проблемалық мәселелерін сөз етті. Оның ішінде, «СВИТ» ЖШС уақытша әкімшісі Бейбіт Әлжанов Оңалту жоспарының бекітілуі қиындық келтіріп отырғанын айтты, себебі басты кредиторлар екінші деңгейлі банктер болып отыр, ал олар, іс жүзінде, оңалту процедураларына мүлдем қызығушылық танытпай отырған көрінеді. Еске салсақ, уақытша әкімшінің негізгі қызметіне борышкердің қаржылық-шаруашылық қызметіне талдау жүргізу және оңалту жоспарының тиімділігін бағалау кіреді.

БҚО Мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Нәйлә Сейдахметова бизнесмендерді кей жағдайларда жеделдетілген оңалту процедураларын пайдалану мүмкіндіктерінен құлағдар етті. Оның ерекшелігі – борышкер өтінішті тікелей өзі бере алады. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер