«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Келісіп пішкен тон келте болмайды

2016 жылғы 20 Маусым
- Батыс Қазақстан облысы
8932 просмотров

Егер дау құқықтық тұрғыда шешілетін болса, банк кәсіпкерлермен келісуге әзір

«Жайықгидрогеология» ЖШС бас директоры Б.Даумов БҚО Кәсіпкерлер палатасына несие желісін 50 млн теңгеден 70 млн теңгеге дейін ұлғайту  мәселесі бойынша «Казкоммерцбанктің» оралдық филиалымен арадағы қарама-қайшылықты шешуге өтініш білдірді. «Жайықгидрогеология»  ЖШС  өзінің екінші деңгейдегі банкке қоятын тілегіне мемлекеттік сатып алу  туралы заңның жаңа ережелерін негіз етті, ол бойынша  мердігер конкурс кезінде келісім-шарт сомасының 3%-нан басқа, жеңілдік сомасына да кепілдік беруі тиіс.

«Жайықгидрогеология»  ЖШС  кепілдік  мүлкін тәуелсіз бағалау фирмасы АҚШ долларымен бағалады және ол сол кезеңдегі бағам бойынша теңгемен аударылды. Сол кезеңдегі кепілдің жалпы сомасы  долларға  185 теңге  бағам бойынша 290 922 000 теңге  құрады. Несие желісі  лимиті  (50млн теңге) кепіл сомасының 20,83%-ын құрады. Бүгінгі бағамды ескергенде, (1 долларға 335 теңге) кепіл сомасы  436 140 000 теңге, 70 млн лимит 16,05%-ды  құрады. Яғни кепілдің жалпы сомасына қарағанда лимит сомасының нақты кемуі болады», – делінеді хатта. 

Банк ЖШС өтінішіне жауап ретінде «Жайықгидрогеология» ЖШС құрылтайшысы болып табылатын «Гидрогеология»  ЖШС  кепіл болуы тиіс деген шарт қойды.

«Қазкоммерцбанк» АҚ оралдық филиалының шартымен келіспеген  «Жайықгидрогеология»  ЖШС  өңірлік палатаға шағымданды.

Палатаның құқықтық блогының сарапшылары банктің іс-әрекетінде қолданыстағы заңдардың бұрмалануын көріп тұрған жоқ, дегенмен  «Қазкоммерцбанк» филиалы директорына несиелік желі ашу кезінде қалыптасқан ахуалды шешуде жәрдемдесуін сұрап хат жазды. «Қазкоммерцбанк» АҚ несие комитеті хатты қарап, «Жайықгидрогеология» ЖШС құрылтайшысының кепілдігіне қатысты ерекше шарттардың күшін жою жайлы шешім қабылдады, бұл туралы Өңірлік кәсіпкерлер палатасына хабарланды. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер