«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Қор нарығы арқылы инвестиция тарту

2016 жылғы 01 Шілде
- Батыс Қазақстан облысы
9354 просмотров

«Фридом Финанс» АҚ компаниясы Оралда Ақтөбе металл құрастыру зауытының IPO-ға шығуына арналған Road Show өткізді

«Ақтөбе металл құрастыру зауыты» АҚ – кең қолданыстағы металл құрастыруды жобалаумен, дайындаумен және шығарумен айналысатын технологиялық жағынан дамыған компания. Бұл батыс өңірдегі көшбасшы компания, оның үлесіне нарықтың 70%-дайы тиесілі. Компанияның ірі клиенттері – «Қазхром ТҰК» және «Теңізшевройл» ЖШС сияқты мұнай кен орындары мен тау-кен шахталарына иелік ететін кәсіпорындар.

Инвестициялық компания ретіндегі «Фридом Финанс» компаниясы Қазақстан қор биржасы – KASE-те рэнкинг белсенділігі жағынан алда келеді. Компания кеңес беру жағынан қолдау танытып, андеррайтер ретінде жұмыс істеуде.

«Елдегі күрделі экономикалық жағдай кезінде кәсіпорындардың қаржылық тұрақтылығының жоғары деңгейі мен одан ары қарайғы дамуға қажетті қаражатқа қол жеткізу үшін келешек әрекеттерден түсетін кірісті акционерлермен бөлісіп болса да, компанияны акционерлеу мен мерзімсіз инвестициялар тарту едәуір көрегенділік, – деп атап өтті «Фридом Финанс» инвестициялық компанясының бас директоры Тимур Турлов. – Бұл қадам АМҚУ үшін нағыз бәсекелестік артықшылық болатынына және құрамында біздің де компаниямыз бар оның акционерлеріне жақсы қаражат табуға мүмкіндік беретініне сенімдімін».

«БҚО Кәсіпкерлер палатасы Қазақстандағы қор нарығын дамыту мен ілгерілетуді белсенді түрде қолдауда, сондықтан өңір бизнесін дамыту үшін инвестиция тартуға арналған жаңа құралдардың таныстырылуын өте маңызды оқиға деп есептейді, – деп атап өтті директордың экономикалық мәселелер жөніндегі орынбасары Марат Нұрқуатов. – Қор биржасында акцияларды сатып ала отырып, кәсіпкерлер мен халық банк несиелеріне балама ретіндегі дивидиендтерді иелене алады. Сондықтан қазіргі таңда біз қазақстандық қор биржасы арқылы инвестиция тарту мүмкіндіктерін талқылау мақсатында кәсіпорындардың басшыларымен және құрылтайшыларымен кездесулер өткізудеміз. Мұндай кездесулер «Атамекен» ҚР ҰКП мен Қазақстан қор биржасы арасында қол қойылған меморандум аясында өткізілуде».


Еншілес ұйымдар

Серіктестер