«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бизнес түйткілдерін жылдам әрі жедел тарқату

2016 жылғы 05 Шілде
- Батыс Қазақстан облысы
8348 просмотров

Батыс Қазақстан облысының Кәсіпкерлер құқығын қорғау кеңесінің мүшелері уатсаппен тілдесетін болады

Мұндай шешімді мәселені жедел шешуге жиналған кеңестің кезекті жиынында қабылдады.

Кәсіпкерлердің құқығын қорғау кеңестің жиынын ашқан төраға Қайдар Қапанов өңірлік Кәсіпкерлер палатасының абыройы өсіп келе жатқанын, кәсіпкерлер арасында сенімге ие бола бастағанын тілге тиек етті.

«Кеңес үнемі бас қосып, бизнес аясында жүйелі түрде де, жекелей де туындап отыратын түйткілдерді шешіп отыр. Өкілетті органдардың басшыларының сөзін тыңдап, шешім шығарады, кейде министрліктер мен ведомстволарға дейін сөзіміз жеткен кездер болды, оған қоса облыстық, қалалық, аудандық атқарушы билік органдары да кеңестің уәжіне құлақ түреді, – дейді Қайдар Қапанов, – нақты нәтиже бар, бизнестің пайдасына шешілген істер баршылық».

«Дегенмен, әлі де ұмтылатын биіктеріміз бар, – деп қосты ол кеңестің жаңа мүшелерін таныстырып жатып. – Қазір бізге облыстағы танымал адамдар қосылып жатыр: зейнеттегі сот, қазір адвокаттар алқасының төрағасы Ғалымжан Ищанов, облыстық мәслихат депутаты Ляна Тұрсынова, мемлекеттік қызмет істері бойынша департамент басшысының орынбасары Жақсат Мұратов, БҚИТУ заң және гуманитарлық пәндер кафедрасының меңгерушісі, «Конституционализм мен демократияны дамыту институты» қоғамдық қорының директоры Мереке Ғабдуалиев».

Кеңес төрағасы жаңартылған құрам алдында мақсат-мұраттарын айқындады, кәсіпкерліктің үнемі шығып тұратын кедергілерін топтастырды, мәселелерді жылдам, әрі жедел шешу үшін кеңес мүшелерін жұмыс топтарына бөлді. Бірінші жұмысшы топ мемлекеттік бағдарламалардың түйткілдері бойынша, салық есебі туралы, несие алу мен мемлекеттік сатып алу туралы жұмыс бастамақшы, екінші топ жер қатынастары, ауылшаруашылық кешені туралы, субсидия беру мен құрылыс бойынша жұмыс істемек, үшінші топ шешім беру істері, кәсіпкерлердің мемлекеттік органдармен қарым-қатынасы бойынша, табиғи монополиялармен, корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік туралы жұмыс жасайды.

Жедел ақпарат алмасу үшін кеңес мүшелері уатсапта арнайы чат құрмақшы.

Кеңестің маусым айындағы жиынында басты тақырып – прокуратура органдарында жасақталған кәсіпкерлердің құқын қорғау бойынша жедел топтың 2015 жыл мен биылғы жұмысына талдау жасау, кәсіпкерлік субъектісінің құқы мен міндетін түсіндіретін кеңес беру-жиын өткізу органдарының жұмыстарының ахуалы туралы айтып, оған қоса ветеринария бөлімдерінің Зеленовский ауданындағы «Дамир» ЖШС, ШҚ Гатауов М.С, ШҚ Гурсаев Л.Б. сынды қожалықтардағы ауру малды анықтау мен жоюға байланысты ақысын өтеу мәселелері көтерілді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер