«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Мұрат Әбенов «Атамекен» топ-менеджерлерінің қатарына қосылды

2016 жылғы 08 Шілде
15482 просмотров

Мұрат Әбенов «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Басқарма төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды

51 жастағы Мұрат Әбенов – Қызылорда облысының тумасы. Екі жоғарғы білімі бар, Абай атындағы Қазақ педагогикалық институты мен Қазақ гуманитарлық-заң университетін бітірген.

Еңбек қызметін білім беру саласынан бастаған, Қызылорда облысы әкімінің аппаратында, мемлекеттік қызмет жүйесінде, ішкі саясат департаментінде жұмыс істеген. 2005 жылдың мамырынан 2007 жылғы ақпанға дейін Қызылорда облысы әкімінің орынбасары қызметінде жүріп әлеуметтік мәселелерді шешуге атсалысқан.

Мұрат Әбенов екі мәрте ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты болып сайланған. Біріншісі «Нұр Отан» партиялық тізімі бойынша 2007 жылғы 4-ші шақырылымы кезінде және 2012 жылғы 5-ші шақырылымында. 2012-2013 жылдары ҚР білім беру және ғылым вице-министрі болды. «SERPIN» Ұлттық білім беру ұйымдары қауымдастығының төрағасы, «Өрлеу» Ұлттық орталығы» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Жастар саясаты бойынша кеңестің мүшесі. 2013 жылдан бастап Қазақ-Американ университеті Қамқоршылары кеңесінің мүшесі, «Назарбаев зияткерлік мектептері» ДББҰ Кеңесінің мүшесі. 2014 жылдан бастап «Мәңгілік ел жастары – индустрияға!» – «Серпін-2050» әлеуметтік жобасының республикалық Үйлестіру кеңесінің төрағасы. «Жаңару» жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысы» республикалық қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары, «Нұр Отан» партиясы жанындағы Құқықтық кеңестің азаматтар құқығын қорғау жөніндегі секциясын басқарған. Өңір депутаттары қауымдастығы Үйлестіру кеңесінің төрағасы. «КТК-Жайдарман лигасы» республикалық жастар қоғамы Қамқоршылық кеңесінің мүшесі. «Аймақ» қорының Қоғамдық үйлестіру кеңесіне басшылық еткен. 2013-2014 жылдары Қызылорда облысы Кәсіпкерлер палатасы Кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі кеңес төрағасы. Қазақстан Республикасының «Асық» ұлттық ойыны федерациясының президенті.

Мұрат Әбенов, сонымен бірге, БАҚ саласында да белсенді қызмет атқарады. 2013-2014 жылдары ол «24 KZ» жалпыұлттық телеарнасындағы 2 қоғамдық-саяси телебағдарламанының жүргізушісі болды. Олар қазақ тілінде: «Мұрат Әбеновпен Ашық әңгіме», орыс тілінде: «Разговор с Муратом Абеновым»  деп аталды.

2015 жылдан бастап «Қазақстан» жалпыұлттық телеарнасындағы «Cерпiлiс» қоғамдық-саяси бағдарламасының авторы әрі жүргізушісі. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер