«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Жүк тасымалдаушылар: көлік инспекциясы нормативтерді өзі орындауы тиіс

2016 жылғы 12 Тамыз
- Батыс Қазақстан облысы
16932 просмотров

Кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі кеңес бизнес субъектілерін жүктерді тасымалдау кезіндегі рұқсат етілетін салмақ параметрлерінен асып кеткендігі үшін әкімшілік жауапкершілікке тарту деректеріне қатысты мәселені талқыға салды

Жүк тасымалдаушы кәсіпкерлер бетпе-бет келетін проблемалар, келіп түскен шағымдардың көп болуы себепті бұл жүйелі мәселелер қатарына енгізілуі мүмкін. Жүк тасымалдаушыларын жауапкершілікке тарта отырып, Көліктік бақылау инспекциясының өзі де көп жағдайда қолданыстағы заңнаманы бұзады. Міне, мәселе осында. Сонымен бірге, қарау кезінде сұйық күйіндегі жүктерді өлшеу тәртібі заңмен реттелмегені, оларды, нақтырақ айтсақ, сұйылтылған көмірсутекті газды өлшеу әдіснамасы жоқ екені анықталды.

«Көліктік бақылау инспекциясының өзі ешбір нормативті сақтамай отырғанда, бізге жүктерді тасымалдау нормаларын бұзып отыр деп айыптау қисынға келмейді, – дейді «Фирма Родник» ЖШС өкілі. – Оның ішінде, жүктерді өлшеуге арналған платформалар қатаң түрде көлденең бетке орнатылуы керек, таразы платформаларының рұқсат етілген ауытқу нормасы 1-2 мм-ге тең, еңіс 1 градустан аспау керек, ал КБ инспекциясы болса көлік құралдарын тегіс емес, тасы да, құмы да араласқан жартылай асфальтталған жолдың жиегінде өлшей береді».

Кеңес мүшелері Көлік инспекциясы бөлім басшысының міндетін атқарушы Самат Ғұмаровтан жүк тиелген көлік құралдарын өлшеуге арналған тұрақты орынның жоғын, тек екі жылжымалы өлшеу орнының барын анықтап, мынадай орынды сұрақ қойды: «Сонда сіздер рұқсат етілген 1-2 мм-ді көз мөлшерімен қалай анықтайсыздар?». Самат Ғұмаров бұл сұраққа жауап таба алмады. Ол неліктен сұйық әрі қауіпті жүк тасымалдайтын көліктерді өлшеу кезінде жүктердің бір қалыпқа түскенін күтпей өлшей беретінін сұраған  «Тувиа Қазақстан» ЖШС мен «Жайық мұнай» ЖШС өкілдеріне де жауап қайтара алмады. Себебі, таразыға шыққан кезде цистернадағы сұйықтық тербелетіні және дұрыс салмақ көрсеткішін анықтау мүмкін болмайтыны белгілі. «Нормалар бойынша сұйықтық түріндегі жүк, ол цистерна ішінде бірдей қалыпқа келмейінше, бір сағаттан аз тұрмауы керек, тек сонда ғана анағұрлым нақтырақ көрсеткішке қол жеткізуге болар еді, – дейді жүк тасымалдаушылар. – Ал бізді, бір сағат емес, тіпті бес минут та тұрғызбайды. Сонда біздің жүгіміз қалайша нормадан асып кетеді, біз оны жөнелтілім алдында өлшеген кезде, үнемі жетпей тұрады, біз сұйықтықты 80%-ға дейін ғана құямыз, себебі біздің үнемі айыппұлдарымыз болады. Біз бұдан аз құятын едік, бірақ қауіпсіздік техникасы оған рұқсат бермейді. Аз құйылған кезде, сұйықтық қатты шайқалып, жарылыс орын алуы мүмкін». 

Көлік прокуратурасы басшысының міндетін атқарушы Д.Воеводкин ұсынған анықтамада көлік инспекциясының өлшеу кезінде көлік құралының барлық біліктерінің бірқалыпты орналасуын қамтамасыз ететін арнайы алаңдардың болмауына қатысты жіберген бірқатар заңбұзушылықтары көрсетілген. Анықтамада «Гелиос» ЖШС мысалы келтірілген, ол Прокуратураға Көліктік бақылау инспекциясы қызметкерлерінің жүк қожайынын рұқсат етілген салмақтық параметрлерін асырғаны үшін жауапкершілікке тартқан заңсыз әрекетін айтып шағымданған.

Көлікті прокуратура қызметкерлері өлшеу орнын барып көріп, автокөлік құралын өлшеген жол төсемі тегіс еместігін және көлік құралының барлық біліктерінің біркелкі орналасуын қамтамасыз етпейтінін анықтаған, осыған байланысты олар өлшеу нәтижелері нақты болуы мүмкін емес деп таныды. Ал көлік құралын қайта өлшеген кезде салмақтық параметрлердің нормадан асып кету, сонымен бірге екінші білікке күш түсу дерегі дұрыс деп танылмаған.

Сонымен бірге, «Фирма «Родник» ЖШС, «Жайықмұнай» ЖШС, «Тувиа Қазақстан» ЖШС өкілдері де Кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі кеңесте осындай деректерді келтірген.

«Жайықмұнай» ЖШС өкілі де оларды жүк тасымалдаушы ретінде бір рет, жөнелтуші ретінде тағы бір рет, осылайша екі мәрте жүк салмағын асырғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тарту проблемасы туралы айтты. Яғни, айыппұлды екі есе көп төлейді. «Ал айыппұл көлемі аз емес, біз Көлік инспекциясының арыздарын есептеуден шаршадық. Бірнеше рет сотта дәлелдегіміз келіп еді, онымыздан түк шықпады», – деді жүк тасымалдаушылар өкілі Кеңес мүшелеріне. Қарау кезінде тағы бір проблема анықталды: салада ауыр жүк машиналарға арналған мамандандырылған айыппұл тұрақтарының жоқтығы. «Яғни, газ толтырылған 40-тонналық цистерналар нөмірсіз жеңіл көліктермен бір айыппұл тұрағында тұруы мүлдем дұрыс емес, – дейді Кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі кеңестің өкілі, облыстық адвокаттар төралғасының мүшесі Ғалымжан Ищанов. – Ертең осы мұнай тасу көлігінің жанына келіп темекі тұқылын тастай салса, қаланың үштен бірінің күлі көкке ұшады».

Кеңес осы мәселелер бойынша кәсіпкерлер құқығын қорғауға қатысты БҚО бойынша аумақтық прокурорлармен және Көліктік бақылау инспекциясымен өзара ынтамақтастықты күшейту шешімін шығарды. Сонымен бірге, «Атамекен» ҚР ҰКП-ға инвестициялар және даму жөніндегі министрдің «Қазақстан Республикасы автомобиль жолдарымен қозғалуға арналған автокөлік құралдарының рұқсат етілген параметрлерін бекіту туралы» бұйрығына орналастыруға келмейтін жүктерді (сұйық, газ тәріздес және т.б.) өлшеуге біліктік тәсілді қолбанбау бөліміне өзгерістер енгізу және ҚР Инвестициялар мен даму жөніндегі министрліктің Көлік құралдарын өлшеу әдіснамасын жасап шығару туралы ұсыныс жолдау шешімін шығарды.

Сондай-ақ, Кеңес мүшесі, облыс әкімінің орынбасары Игорь Стексов таяу күндері көлік министрлігінің өкілдерімен кездесу өтеді деп жоспарланып отырғанын және онда ол осы мәселені міндетті түрде қозғайтынын айтты.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер