«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Ақтөбеліктердің мүлтіксіз таңдауы

2016 жылғы 22 Тамыз
- Ақтөбе облысы
14258 просмотров

«Технодом СТ КЗ», «ТК-Фарм» және «Молочные истории А» ЖШС «Қазақстанның үздік тауары 2016» республикалық көрме-байқауына қатысатын болды

2015 жылдан бастап «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-байқауын және еліміздің 14 облысы мен Астана және Алматы қалаларындағы өңірлік көрме-байқауларды ұйымдастыру ҚР «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының еншісіне өткені белгілі.

Іс-шараға облыстың 32 маңдайалды кәсіпорындары, бизнес-қоғамдастық өкілдері, кәсіпкерлер, әлеуетті тапсырыс берушілер, жеткізушілер, БАҚ және т.б. қатысты.

«Қазақстанның үздік тауары-2016» байқауын Кәсіпкерлер палатасы осымен екі жыл қатарынан өткізіп отыр. Байқау біздің тауар өндірушілерімізге пайдалы болады деп сенемін», – деді ӨКП директоры міндетін атқарушы Мирлан Бисенғалиев.

Комиссия мүшелеріінң назарына «Ақтөбе мұнай қондырғылары зауыты» АҚ, «Ақтөбе теміржол арқалық зауыты» ЖШС, «Экотон-Батыс» ЖШС, «Ақтөбе Хим ҒӨК» ЖШС, «Пайда» ЖШС, «Технодом СТКЗ» ЖШС, «Kazizol» ЖШС, «ЭкоВторТехРесурс» ЖШС, «Ақтөбе Композит Арматура» ЖШС, «Стар Тайм» ЖШС, «Батыс-Пластик» ЖШС, «ГлобалСпецодежда» ЖШС, «ТК Фарм Ақтөбе» ЖШС, «Велторг-Ақтөбе» ЖШС, «West Line doors» ЖШС,  «Шағыр компаниясы» ЖШС, «Ай-Ару ательесі» ЖШС, «СанТехТрейд» ЖШС, «Ақтөбе НАН» ЖШС, «Жаңа Әлжан ұн тарту комбинаты» ЖШС,  «Молочные истории» ЖШС, «Құмкұдық» ЖШС, «Абылай» ШҚ сынды белгілі компаниялар мен Бәкішева К.О., Жанғазиева А.И., Дүйсенбаева М.М., Рысқұлова Д.Е., Тұяқова М.А., Егенбердиева Ж.А., Шұраханов Д., Есенаманов Г.К. сияқты жеке кәсіпкерлер қатысты.

Сарапшылық комиссия байқау жеңімпаздарын үш аталым бойынша анықтады. Осылайша, «Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар» аталымы бойынша «Технодом СТ КЗ» ЖШС деп танылса, «Тұрғындарға арналған үздік тауарлар» аталымында 1-дәрежелі дипломмен «ТК-Фарм» ЖШС марапатталды. «Үздік өнеркәсіп тауарлары» аталымы бойынша 1-орын «Молочные истории А» ЖШС-ға берілді.

Жеңімпаздар күзде елордада өтетін «Қазақстанның үздік тауары» көрме-байқауына қатысатын болады.

Естеріңізге сала кетейік, ««Алтын сапа» сыйлығынан үміткерлерге арналған байқау мен «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-байқауын анықтау туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 9 қарашасындағы №194 қаулысына сәйкес байқау отандық өнім сапасын арттыруға бағытталған жеке және заңды тұлғалардың қызметін жандандыру, Қазақстан нарығын сапасы жоғары әрі бәсекеге қабілетті өніммен байыту, тұрғындар арасында сапа идеясын дәріптеу мақсатында ұйымдастырылады. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер