«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бәсекеге қабілеттілік күшеюде

2016 жылғы 24 Тамыз
- Батыс Қазақстан облысы
8646 просмотров

Биыл Қазақстанда барлық индикаторлар бойынша көрсеткіштердің жақсарғаны байқалады

БҚО кәсіпкерлеріне Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексі көрсеткішінің төмендегі индикаторлары туралы баяндалды. Олар: «Меншік құқығы», «Даулы мәселелерді шешудегі заңнаманың тиімділігі», «Әкімшілік реттеуді талдаудағы заңнама тиімділігі», «Зияткерлік меншікті қорғау».

Осы индекаторлар бойынша негізгі орындаушы ҚР Әділет министрлігі болып табылады. Кәсіпкерлер палатасы әділет органдарымен бірлесіп, бизнес өкілдерінің қатысуымен «Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексі – Дүниежүзілік экономикалық форумның нұсқасы бойынша экономикалық бәсекеге қабілеттілігі тұрғысынан жаһандық зерттеулер және әлем елдерінің экономикалық бәсекеге қабілеттілік көрсеткіші бойынша онымен қоса жүретін оның әлем елдері рейтингісі» атты дөңгелек үстел ұйымдастырды.

Естеріңізге сала кетсек, Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексі 114 көрсеткіштен құралады. Оның 34-і статистикалық мәліметтер қорытындысы бойынша, қалғаны шамамен 80-120 қазақстандық орта және ірі компаниялар басшыларына сұрау салу негізінде құрылады.

Дүниежүзілік экономикалық форумының, Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінің 2015 жылдың қыркүйегінде  жарияланған Дүниежүзілік жылдық есебінде, Қазақстан Республикасы 42-орынды иеленген. Осылайша былтырғы жылмен салыстырғанда, өз көрсеткішін 8 тармаққа жақсартқан.

Аталмыш рейтинг дүниежүзілік экономикалық қауымдастықтың сол елмен арадағы қарым-қатынасын жақсартады. Экономикаға бағдар жасалады және осы елдерде инвестиция салу және кәсіпкерлікті дамыту мүмкіндігін болжайды.

Биыл да барлық индикаторлар бойынша Қазақстандағы көрсеткіштің жақсаруы байқалғанын келтірдік.

«Зияткерлік меншікті қорғау» индикаторы бойынша Қазақстан 74-орыннан 70-орынға көтерілді. «Біз Қазақстанда авторлық құқық толық қорғалмағанын білеміз. Бұл тек құқық иелеріне ғана зиянын тигізіп отырған жоқ, сондай-ақ мемлекетке де салықтың түспеуі түрінде зардабын тигізіп отыр, – деп баяндады Әділет департаментінің қызметкерлері. – Соған қарамастан осы индикатор бойынша көрсеткіштің жақсарғанын байқадық. 2016 жылы 5-ке тарта жоспардан тыс тексерулер жүргізілді (салыстырмалы түрде, 2015 жылы – 4 тексеру). 5 құқық бұзушылық анықталды (2015 ж. – 4). Контрафактілік өнімнің 22 бірлігі тәркіленді (2015 ж. – 0). Сот жалпы сомасы 383 901 теңге болатын әкімшілік айыппұл салу шарасы қолданылған 5 істі қарады (2015 жылы – 4, жалпы сомасы 237 840 теңге болатын әкімшілік айыппұл салу шарасы)».

Экономикалық ынтымақтастық ұйымының стандарттарына сәйкестендіруге, құқық бұзушылықтардың алдын алуға,  зияткерлік меншік құқықтарын бұзу саласындағы санкцияны күшейтуге бағытталған негізгі іс-шаралардың бірі – заңнаманы жетілдіру болды.

ҚР бірқатар кодекстерінің жаңаруының аясында зияткерлік меншікті қорғау саласына бірқатар өзгерістер енгізілді.

«Біз, Елбасының алдымызға қойған, Қазақстан Республикасын бәсекеге қабілетті 30 елдің қатарына қосу міндеті оңай емес екенін түсінеміз. Экономикалық үдерістің жаһандану жағдайында Қазақстан басқа елдермен қатаң бәсекелестік тәртібінде тұр. Сондықтан біз осы жағдайға байланысты бизнес субъектілерін өзімізге тартуымыз керек», – деп атап өтті ӨКП құқықтық мәселелер жөніндегі директордың орынбасары Нұржан Мақсотов.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер