«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Қарызды қайтаруда табандылық қажет

2016 жылғы 27 Қыркүйек
- Батыс Қазақстан облысы
7344 просмотров

Мемлекеттік органдардан да қарызды қайтарып алуға болады

Бизнес субъектілері Өңірлік кәсіпкерлер палатасына мемлекеттік органдардан қарызды қайтарып алу туралы сот актісінің орындалмаған айтып, жиі шағымданады.

«Аталған мәселені өңір кәсіпкерлері Қазақстанның кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі уәкілі Болат Палымбетовтың алдында да көтерген болатын, – деді директордыңқұқықтық мәселелер жөніндегі орынбасары, БҚО Кәсіпкерлер құқығын қорғау уәкілінің аппарат бөлімінің меңгерушісі Нұржан Мақсотов. – Дәлірек айтсақ, Бұрлы ауданы әкімдігінің қалалық коммуналды шаруашылық бөлімінің бизнес субъектілері алдында 21 орындау ісі болған, алайда сот шешіміне қарамастан, мекеме қарызды төлеуге асықпаған».

Содан «Атамекен» ҚР ҰКП Кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі уәкіл аппараты ҚР Әділет министрлігіне сот актілерін орындатуға қол ұшын беру туралы өтініш білдірген.

Сонымен қатар, Палата облыс прокуратурасына сот актілерінің ұзақ уақыт бойы орындалмауына байланысты қандай да бір шараны қолға алу қажеттілігі туралы хат жолдаған.

Әділет министрлігі мен прокуратура органдары мәселені бірден назарға алған. Осылайша, Әділет министрлігінің хабарлауынша, Бұрлы ауданы коммуналдық шаруашылықтың жылжымайтын мүлкіне тыйым салынған. Сондай-ақ, сот орындаушысының бағалау туралы есебі келіп түскен соң, борышкер мүлігін сатылымға шығаруға қатысты тиісті іс-шаралар қолға алынбақ. Кешенді шараларды қолға алудың нәтижесінде, Бұрлы ауданы әкімдігі коммуналдық шаруашылықтың бақылау есебіне 700 000 мың теңге көлеміндегі қаражат түскен. Қолданыстағы заңға сәйкес, аталған қаражат кәсіпкерліктің 17 субъектісіне теңдей үслестірілген.

«Палатаның бизнестің құқығын бұзатын мемлекеттік және өкілетті органдарға ықпал ете алатынын және бизнес-омбудсменнің мүмкіндіктері туралы кәсіпкерлердің көбі біліп жатыр. Себебі Палата мен ҚР Кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі уәкіл араласпайынша, ешбір ілгерілеушілік болмаған еді. Кәсіпкерлер мемлекеттік органдармен жұмыс жасау кезінде шарасыздықтан қол қусырып отыра береді. Тіпті сот мәселені олардың пайдасына шешсе де. Енді олардың есепшоттарына қаражат түскеннен кейін, кәсіпкерлерде Палатаға деген сенім пайда болды және олар қаражаттың қалған бөлігін жақын арада қайтарып алатындарына сенімді», – деді Нұржан Мақсотов.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер