«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Қуатты көлік инфрақұрылымы құрылуда

2016 жылғы 04 Қазан
10518 просмотров

Тың бизнес-жобалар қазақстандық және ресейлік компаниялардың жаңа деңгейге шығуына мүмкіндік береді

Бүгінде Қазақстан мен Ресейдің ортақ мүддесі – Еуропа мен Азия арасын жалғайтын қуатты көлік-логистика инфрақұрылымын құру. «Ресей де, Қазақстан да ауқымды жұмыс жүргізді. Біз қазірдің өзінде ел аумағында Шығыстан Батысқа, Солтүстіктен Оңтүстікке қарай бағытталған көлік дәлізін қалыптастырдық», – деді Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан-Ресей бизнес-форумында сөйлеген сөзінде.

Мемлекет басшысы, Қазақстан арқылы Қытайдан Ресейге және Еуропаға, Каспий теңізі арқылы Кавказ бен Түркияға апаратын жаңа бағыттардың жүк тасымалдау уақытын екі есеге азайтатынын атап өтті. Сондай-ақ Ресейден Қазақстан арқылы Түркіменстанға және Парсы шығанағына өтетін тағы бір жаңа бағыт ашылады. «Бұл Таяу Шығысқа бір көлік түрінен екінші көлік түріне ауыспай-ақ өтетін өтпелі темір жол. Жүктерді Сібір мен Оралдан Таяу Шығыс елдеріне тасымалдау уақыты 4 күнге қысқарады. Мұндай мүмкіндіктер бұрын-соңды болмаған еді», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Сонымен қатар, Қазақстан өзінің экономикасын әртараптандыруды және инвестициялық ахуалды жақсартуды белсенді жүргізіп отыр. Мемлекет басшысы, Қазақстан экономикасына құйылған тікелей шетелдік инвестицияның көлемі соңғы 15 жылдың ішінде 260 млрд АҚШ долларын құрағанын атап өтті. Дүниежүзілік банктің көрсеткіші бойынша бизнес жүргізуден  Қазақстан әлемде 41-орында тұр.

«Қазақстан Doing Business Дүниежүлік банкінің салық көрсеткіші бойынша 189 елдің ішінде 18-орында. Айтарым, Ресей 47-орында келе жатыр», – деді Қазақстан Президенті.

Одан кейін Мемлекет басшысы ауқымды жекешелендіру туралы баяндады. Бәсекелестік ортаға жалпы сомасы 10 млрд доллар болатын 800-ге жуық мемлекеттік кәсіпорындар беріледі. Сауда – жай аукциондардан бастап стратегиялық инвесторларға тікелей сатуға дейінгі әртүрлі тәсілдермен жүргізіледі.

«Мен ресейлік компаниялар бұл шараға белсенді қатысады деп ойлаймын», – деді Мемлекет басшысы. Қазақстан Ресей бизнесін «ЭКСПО-2017» көрмесіне әлемдік қауымдастыққа өз технологияларын көрсету үшін қатысуға шақырды. «Біздің арамызда әрқашан болған және әлі де бола беретін өзара ынтымақтастық қарым-қатынасымызды нығайтатынына сенімдімін», – деді ҚР Президенті.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер