«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Шыдамның да шегі бар

2016 жылғы 05 Қазан
- Батыс Қазақстан облысы
7581 просмотров

Кәсіпкерлер палатасының араласуымен, кәсіпорынның қалыпты жұмыс істеуіне кері әсер етіп, көп айдан бері жүргізіліп келе жатқан салық тексерісі тоқтатылды

«Уральскстройинвест» ЖШС басшысы Алексей Безьянов, кешенді салықтық тексеру жұмыстарын жеделдетіп аяқтауға көмектесуін сұрап Өңірлік палатаға жүгінді. Салықтық тексеруді Мемлекеттік кірістер департаменті, ЖШС-нің жалған кәсіпорындармен төлем операцияларын жүргізу фактісін белгілей отырып, сотқа дейін тергеу аясында 2015 жылдың 2 тамызында тағайындаған. «Тексеру 11 айға созылды. Сол аралықта бірнеше рет тоқтатылды, – деді Алексей Безьянов. – Біз себебін түсіндіріп беруін өтінгенде, БҚО Мемлекеттік кірістер департаменті аталған тексерудің бағытталған сұраныстарға байланысты тоқтатылғанын айтты».

«Жұмыс істеу мүмкін емес, кестеден де қалып қойып жатырмыз, – деп наразылығын білдірді ЖШС директоры. – Заң бойынша салықтық тексеру нұсқама тапсырылған күннен бастап отыз күннен аспау керек. Неге департамент бұл заңнаманы ескермей отыр?».

Палата сарапшылары тексеру мерзімінің созылып кету себебін анықтау үшін МКД-дан қажетті ақпарат беруін сұраған. Алайда сарапшылар одан жаңа ештеңе біле алмады. Мемлекеттік кірістер департаменті тексеру мерзімінің ұзартылуын басқа мемлекеттерге сұраныстардың болуымен байланыстырды.

Қалыптасқан жағдайды ескере отырып, Палата МКД өкілдері мен прокуратура органдарының қатысуымен кездесу ұйымдастырды. Кездесуде тараптар өздеріне мәлім барлық ақпараттарды толық баяндап берді. Ал прокуратура органдары істің мән-жайын анықтап, тексеруді тоқтатудың мүмкіндіктері туралы шешім шығарды. Бірнеше күннен кейін Мемлекеттік кірістер департаментінің ЖШС-дағы тексерісі аяқталды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер