«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Заң олқы соқса, өзгерту керек

2016 жылғы 06 Қазан
- Батыс Қазақстан облысы
6841 просмотров

Кәсіпкерлердің ұжымдық өтініші заңға өзгерістер енгізуге түрткі болды

Батыс Қазақстан облысы Кәсіпкерлер палатасына «Әренова А.Г.» және «Дәулетова А С.» ЖК-нен ұжымдық өтініш келіп түсті. Кәсіпкерлер Орал қаласы Мемлекеттік кірістер басқармасы қызметкерлерінің үстінен шағым түсірген. Олардың айтуынша, кәсіпкерлер өкілетті органдар қызметінің кінәсінен 2015 жылы алкоголь өнімдерін сақтау және бөлшек сауда үшін жиналатын лицензиялық төлемді артық төлеген екен. «Алкоголь өнімдері мен этил спирті айналымы және өндірісті мемлекеттік реттеу мәселелері бойынша кейбір ҚР заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңына сәйкес, Салық кодексіне өзгерістер енгізілген болатын. Онда кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын орынға байланысты лицензиялық төлем мөлшерлемесінің біртектілігі бекітілген. Кәсіпкерлер өз өтініштерінде қажетті төлем көлемін МКБ (авт. – мемлекеттік кірістер басқармасы) қызметкерлері өздері бекіткен деп көрсеткен. Төлем төленген соң, дәл осы қызметкерлер артық төленген сома туралы айтып, 2016 жылы қайта есептейтіні жайлы жеткізген. Алайда, келесі жылы қайта есептеуге рұқсат бермей, Салық кодексінде мұндай жағдай қарастырылмаған деп жауап береді.

Өңірлік палатаның құқықтық бөлімінің сарапшылары барлық құжаттар мен нормативті-құқықтық базаны зерттегеннен кейін, МКБ қызметкерлері көптеген кәсіпкерлерден лицензиялық төлемді артық мөлшерде жинағанын анықтаған. Бұл олардың кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын елдімекендердің дәрежесі анық еместігіне байланысты жүзеге асырылды деп түсіндірілген. Себебі, Салық кодексінде бекітілген  лицензиялық төлем мөлшері бұдан аз болған. Алайда, жыл сайынғы лицензиялық төлем туралы  ережені енгізген кезде, Салық кодексінде лицензиялық төлемнің артық төленген сомасын қайтару бойынша немесе оны келесі төлемдерге немесе салықтарға есептеу жіберу туралы салық төлеушінің құқықтары қарастырылмаған. Осылайша, Кәсіпкерлер палатасына өтініш беріп келушілерге артылған соманы қайтарып беру мүмкін болмады.

Заңдағы осы олқылықты ескере келе, БҚО Өңірлік палатасы «Атамекен» ҚР Ұлттық палатасына «Кедендік әкімшілік және салық төлеу мәселелері бойынша ҚР кейбір заңдарына өзгерістер мен толықтырулар туралы» ҚР заңына осы келеңсіздікті жою туралы ұсыныс білдірді.

«Атамекеннің» хабарлауынша, біздің ұсыныс қолдау тауып, ескерілді. Толықтырулар Заң жобасына енгізілген, – деді құқықтық бөлім сарапшысы Валентина Гаршина. – Жаңа Заң өз күшіне енген соң, мұндай келеңсіздіктерге жол берілмейді деп ойлаймын». 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер