«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Қала құрылысы кодексін дайындайтын кез келді

2016 жылғы 06 Қазан
11141 просмотров

Заман талабына сәйкес құрылыс қатынастарын реттеу мәселелерін жаңа кодификациялық деңгейге көтеру керек

Ұлттық кәсіпкерлер палатасы сарапшыларының пікірінше, дәл қазіргі уақытта, бірыңғай Қала құрылысы кодексі өзге салалық заңдарды алмастырып, нормативтік базаның замануи талаптарға сай келуін қамтамасыз ету қажет.

Қала құрылысы кодексін дайындау жер қатынастарын елдегі техникалық тұрғыда реттеу саласындағы реформалармен тұспа-тұс келіп тұр. 

Қазіргі «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңының қолданыс аясы тар. Оның жүзеге асыру үшін 70-ке жуық акті бекітілген. Құрылыспен байланысты мәселелер қолданыстағы 8 заңда қарастырылған.

Өтініштердің басым көпшілігі заңдағы қарама-қайшылықтарға, ережелердің сәйкес келмеуіне, құрылыс саласы мәселелерін реттеудегі құқықтық алаңның жоқтығына, сілтемелік және бланкеттік нормалардың көп болуына қатысты болып отыр.

Мұндай кодекс Ресейде бар және жалпы ол өз нәтижелігін көрсетіп отыр. Себебі, заң барлық ел аумағы бойынша қала құрылысы мәселелерін кешенді түрде реттеуді көздейді. Қазақстанға да Әзірбайжан, Украина, Өзбекстан елдерінің табысты нәтижелеріне назар аударып, Эстония және Германия елдерінің тәжірибесіне сүйену қажет.

Қыркүйекте Жемқорлықпен күрес комиссиясы алаңында сөз сөйлеген ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары Юлия Якупбаева құрылыс саласындағы кәсіпкерлердің көптеген мәселелерін шешудің оңтайлы жолы сәулет, қала құрылысы және құрылыс мәселелері бойынша Салалық кодекс қабылдау екенін айтқан еді.

Қазіргі таңда, мемлекеттік органдар тарапына айтылған ҰКП өтініштері жауапсыз қалмады. ҚР Ұлттық экономика министрлігі салыстырмалы-құқықтық сараптама және қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілерді мониторингілеу, құқық қолдану және шетелдік тәжирибені зерттеуді бастап кеткендіктерін хабарлады. Аталған жұмыс нәтижелерін Ұлттық экономика министрлігі мүдделі мемлекеттік органдардың, қауымдастықтардың, ҰКП мен құрылыс саласы субъектілерінің талқысына салуды жоспарлап отыр.

ҰКП аталған жұмысқа ғылыми қауымдастықты тартуды жөн санап отыр. Себебі, олар өз ұстанымдарын алға тартып, ҰКП ұсыныстарына қолдау көрсететіндіктерін жеткізген еді. Ал, құрылыс салаларындағы салалық қауымдастықтар Қала құрылысы кодексіне өз үлестерін қосуға әзір екендіктерін білдірді. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер