«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Қағазды сыртқа шығаруға тыйым салынды

2016 жылғы 28 Қазан
10625 просмотров

Қазақстанның инвестиция және даму министрінің бұйрығы жарты жыл бойы өз күшінде болады

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының бастамасымен, қазақстандық целлюлоза-қағаз өнеркәсібі кәсіпорындары ұсынысының негізінде, биылғы жылдың 25 тамызында Қазақстанның Инвестиция және даму министрінің «Қазақстан Республикасы аумағынан қағаз, картон, макулатура және қалдықтарын шығаруға тыйым салу туралы» бұйрығына қол қойылды. 

«Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуірінде шыққан «Сауда қызметін реттеу туралы» Заңының  18-бабына, Еуразиялық экономикалық одақ туралы келісімшарттың 29-бабына, сондай-ақ, келісімшарттың 7-қосымшасының 10-бөліміне сәйкес, Қазақстан Республикасы аумағынан алты ай бойы қағаз, картон, макулатура және қалдықтарды (код ТН ВЭД ЕАЭС 4707) шығаруға тыйым салуға бұйырамын», – деп көрсетілген құжатта.

2004 жылдан бастап ҚР аумағынан макулатураны шығаруға тыйым салу өз күшіне енгені рас (ҚР Үкіметінің 2004 жылғы 27 тамызындағы №908 Қаулысы), алайда отандық кәсіпорындар үшін қағаз шикізаты әлі күнге дейін жетіспейді. Басты мәселе ірі көлемдегі қағаз шикізатын үшінші елдерге: заңсыз жолмен немесе ЕАЭО елдеріне мүше мемлекеттердің аумағы арқылы шығару болып отыр. 

Осыған орай, Ұлттық экономика министрлігі Еуразиялық экономикалық комиссияны енгізілген тыйым туралы хабардар етіп, ЕЭК қарауына Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына тыйым салуды енгізуді ұсынды.

ҚР ҰКП Экономикалық ықпалдастық департаментінің пікірінше, Одақ үшін аталған ұсыныс жаңашылдық болмауы тиіс. Себебі, Ресей Федерациясы мен Беларусь Республикасы макулатураны шығаруға тыйым салуды уақытша енгізген екен.

Сонымен қатар, ҚР ҰКП Экономикалық ықпалдастық департаменті ЕЭК алаңдарында «Одақтық» тыйым салуды бекіту ұсынысын осымен бірнеше мәрте көтерген еді. Осылайша, бұл мәселе бизнес-сұхбаттарда және ЕЭК-тің сауда жөніндегі Кеңес беру комиетінің отырыстарында көтерілген.  

Бұдан бөлек, Қазақстанның Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті мен «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясына ҚР аумағынан қағаз шикізатын шығармау ісін бақылауға алу туралы ескерту-бұйрық жіберіледі.

Аталған Бұйрық ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбе күні ішінде өз күшіне енбек.

Жанар Сердалина


Еншілес ұйымдар

Серіктестер