«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Жұмысшы мамандық беделін көтеру үшін қайтпек керек?!

2016 жылғы 01 Қараша
- Батыс Қазақстан облысы
10227 просмотров

Өңірлік кәсіпкерлер палатасы жұмысшы мамандықтардың беделін көтеру үшін оқу орындарындағы кәсіптік бағыт-бағдар беру жүйесіне жаңаша көзқарас керек деп есептейді

«Оқушылар болашақ мамандықтары туралы соңғы сыныпқа келгенде ғана ойлана бастайды, – дейді Кәсіпкерлер палатасының адами капиталды дамыту бөлімінің жетекшісі Айгүл Әбілқайырова. – Мамандық адамның келешегін анықтайды. Сондықтан, кәсіптік бағыт-бағдар беру оқу және тәрбие жұмыстарымен қатар жүргізілуі керек».

«Кәсіпкерлер палатасы осы бағыттағы жұмыстардың алгоритмін әзірледі, 56 кәсіптік бағыт-бағдар беру кабинеті ашылды, облыстық білім басқармасымен бірге форумдар мен семинарлар, жалпықалалық кәсіптік бағыт-бағдар беру күндері ұйымдастырылды, қала және облыстағы кәсіпорындардың, еңбек нарығындағы қажетті мамандықтардың базасы даярланды, – деп атап өтті Айгүл Әбілқайырова. – Қала мен облыстағы кәсіпорындарға жүйелі түрде экскурсия ұйымдастырылып, кәсіптік бағыт-бағдар бойынша сынып сағаттары мен сұхбаттар өткізілді. Мысалы, 2014, 2015, 2016 жылдары қаладағы мектептер мен коледждердің түлектері үшін «Зенит» зауыты» АҚ, «Уралагрореммаш» АҚ, «Казармапром» ЖШС, «Кублей» ЖШС, «Завод плюс» ЖШС, «Желаевский комбинат хлебопродуктов» АҚ және тағы басқа кәсіпорындарға саяхат ұйымдастырдық».

Кәсіпкерлер палатасының адами капиталды дамыту бөлімі «Мектеп түлегіне көмек» атты әдістемелік құрал әзірлеген. Онда мектеп түлегінің мамандық таңдаудағы іс-әрекет алгоритмі туралы айтылған. Сондай-ақ Назарбаев зияткерлік мектебімен бірлесіп мектептегі кәсіптік бағыт-бағдар беру жұмыстары жөнінде «Мамандықты сәтті таңдау» атты әдістемелік құралдардың жинағы дайындалған.

Кәсіпкерлер палатасы ұйымдастырған «Стекло-Сервис» ЖШС-ға саяхат оқушыларға алдыңғы қатарлы, заманауи өндіріспен танысуға мүмкінік берді. Кәсіпорын басшылығымен, шеберлермен кездесіп, осы заманғы өндіріске жұмысшылар мен техникалық мамандар ауадай қажет екендігіне көз жеткізді. «Стекло-Сервис» ЖШС бүгінгі таңда аймақтағы алдыңғы қатарлы кәсіпорындардың бірі саналады. Компанияның өнімі облыстан шет аймақтарда да танымал. Кәсіпорын жұмысшыларының айтуынша, жетістікке мемлекеттік қолдау мен ұйымшыл ұжымның арқасында қол жеткізілген. Бүгінгі таңда өндірісте 70-ке жуық адам еңбек етеді. 2017 жылы компания өз өнімдерін «ЭКСПО» көрмесіне коймақ, өйткені «Стекло-Сервистің» өскелең ұрпаққа көрсетері мен айтары бар.

Өндіріс цехының жетекшісі Анатолий Галицкий жоғары сыныптар үшін ұйымдастырылған саяхатты жауапкершілікпен және кәсіби түрде өткізіп, өндіріс ерекшілігі туралы, заманауи мамандықтарға қойылатын талаптар туралы әңгімелеп берді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер