«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Экспорт: Қазақстан бірегей мүмкіндіктерге ие

2016 жылғы 09 Қараша
- Батыс Қазақстан облысы
6917 просмотров

Оралда Кәсіпкерлер форумы өтіп, онда өнімдерді өткізу, инвестиция тарту, несиелендіру сияқты бизнестің өңірлік маңызы зор мәселелері талқыланды

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Басқарма Төрағасының орынбасары Нұржан Әлтаев, облыс әкімі Алтай Көлгінов қатысқан ашық, бейресми сұхбаттасу түріндегі кездесу форумға қатысушылардың көңілінен шықты.

«Біздің мақсатымыз – мемлекет, даму институттары және бизнес арасында сындарлы, байыпты сұхбат құру, – деді Алтай Көлгінов. – Біз бірлесе отырып бірыңғай  ұстанымымызды әзірлеп, экспортты, кооперацияларды дамыту арқылы Батыс Қазақстан облысында кәсіпкерлікті өркендетудің негізгі бағыттарын айқындап, инвестиция тарту бойынша тәжірибе алмасуымыз қажет. ҰКП Басқарма төрағасы орынбасарының, сондай-ақ Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры басшысының, банк өкілдерінің, кәсіпкерлер тобының келуі бүгінгі әңгіменің мазмұнды, көрнекі және нақты ұсыныстарға толы болуына ықпал етері сөзсіз».

Нұржан Әлтаев сөз басында талқыланатын мәселелерді атай кетті. Олар: БҚО кәсіпкерлері қандай мүмкіндіктерге ие, өңірде қандай әлеуетті өткізу нарығы бар, облыста не өндіруге болады, қандай инвестициялар тарту қажет және өнімдерді қайда экспорттауға болады.

«Біз сұранысқа ие өнімдерді шығаруымыз қажет, – деді ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары. – Қазақстан бірегей мүмкіндіктерге ие: жанымызда Қытай мен Ресей Федерациясының алып нарығы бар. Елбасының іссапары бізге Парсы шығанағына, Сауд Арабиясына экспорттау мүмкіндіктерін ашады».

ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары кәсіпкерлерді өз өнімдерін батыл экспорттауға шақырды. «Иә, – деп атап өтті ол, – қиындықтар болады. Қытай Халық Республикасында, мәселен, азық-түлік өнімдеріне қойылатын талаптар жоғары. Осы уақытқа дейін Қытай нарығы азық-түлік өнімдері үшін, атап айтқанда, ет экспортына жабық болды. Жоғары деңгейде жүргізілген соңғы келісімдер экспорттау мүмкіндіктерін ашты».

«Жаңартылған «Агробизнес-2020» бағдарламасы енді салалық емес, мемлекеттік бағдарлама, алдыңғысымен салыстырғанда түбегейлі өзгерген, – деп Нұржан Әлтаев кәсіпкерлердің назарын аударды. – Біз өндіріс үшін өндірмеуіміз керек. Біз сұранысқа ие өнімдерді өндіруіміз қажет. Кәсіпкерлер Ислам даму банкінің қаржысы ақылы Азық-түлік қауіпсіздігі бағдарламасын іске асыруды бастағалы отырған Парсы шығанағы елдерімен әріптестік орнату мүмкіндігін құр жіберіп алмауы тиіс. Ал біздің өңірлер экологиялық тұрғыдан таза, қауіпсіз азық-түлік өндірісімен танымал».

Ауылда кәсіпкерлікті қолдау туралы мәліметпен «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ Басқарма төрағасы Жандар Омаров бөлісті. Микронесие жайы қозғалған оның баяндамасы, әсіресе, ауыл кәсіпкерлерін қызықтырды. Одан соң Оңтүстік Қазақстан облысынан келген «Қайып-ата» ЖШС басшысы Ертай Нұрым Мұхаметұлы ұсақ малдарды Парсы шығанағы елдері нарығына шығару тәжірибесімен бөлісті.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер