«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Заң жиі өзгерген жағдайда

2016 жылғы 16 Қараша
- Батыс Қазақстан облысы
6150 просмотров

Өңірлік кәсіпкерлер палатасы заңнамадағы өзгерістерге байланысты кәсіпкерлер арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізіп жатыр

Соңғы кезде құқықтық саланың қарқынды дамуына байланысты заңнамаларға да өзгерістер енгізілді, бұл Өңірлік кәсіпкерлер палатасындағы бухгалтерлер клубында жиі кездесулер өткізуге себеп болды.

Кезекті семинарға Еуразиялық экономикалық одақ пен Қазақстанның кедендік заңнамасындағы өзгерістерді түсіндіру үшін өкілетті органдардың өкілдері қатысты. Ал импортталатын тауарлардың әкімшілік кедендік құнына қатысты мәселелерді түсіндіру мақсатында облыстың сыртқы экономикасына қатысушы кәсіпорындардың бухгалтерлері шақырылды. «Тауарларды кедендік әкімшілендіруге қатысты құжаттардың бәрі біздің қолдан өтеді, – деді «КОСМЕТА-АЗИЯ» СП» ЖШС  бас бухгалтері Әлия Бердіғалиева. – Сондықтан дайын отыру үшін, Палата қызметкерлерінен жаңа жылда қандай өзгерістерге дайын болу керектігін түсіндіріп беруін сұраймыз».

Клуб аясындағы кездесулердің өтуіне бизнес өкілдерімен қатар, Мемлекеттік кіріс департаменті де мұрындық болып жүр. «Семинарлардың тақырыбын бухгалтерлер қойған сауалдарға сай бекітеміз, – деп атап өтті Кәсіпкерлер палатасының бөлім басшысы Эльмира Өтешева. – Сұрақтарды алдын ала топтап, соларға нақты жауап бере алатын мемлекеттік орган өкілдерін арнайы шақырамыз».  

«Палата осындай шараларды өткізуге өте ыңғайлы жер, – деді БҚО Мемлекеттік кіріс департаментінің Тауар номенклатурасы мен кедендік құн басқармасының басшысы Сағида Шәкенова. – Біз бұл жерде тек заңдағы өзгерістерді түсіндірумен шектелмейміз, оған қоса бизнестің пікіріне құлақ асамыз, содан барып нақты ұсыныстар қоятын боламыз». Сағида Шәкенова сыртқы экономикалық қызмет қатысушыларына 2016 жылы импортталған тауарлардың кедендік құны туралы ақпарат ұсынды, оған қоса кедендік құнды реттеу тәртібі, қосымша тексеріс, импорттаушы бағдар алатын ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кіріс комитетінің сайтындағы шартты бағаларға сілтеме берді: http://kgd.gov.kz.

БҚО Мемлекеттік кіріс департаменті кедендік рәсімдеу басқармасының басшысы Әлібек Хаймульдинов кәсіпкерлерге Еуразиялық экономикалық одақтың Кедендік кодексі жобасындағы қорытынды өзгерістер туралы айтып берді. Олар: электронды декларацияның кіріспесі, тауарды шығару мерзімін 4 сағатқа қысқарту, Одақ аумағына әкелетін тауар туралы кедендік органдарға алдын ала жедел ақпарат беру, заңсыз әрекетке, әрекетсіздікке және басқада істерге қатысты кедендік органдардың жауапкершілігін арттыру. 

Кәсіпкерлердің айтуынша, көптеген өзгерістер кедендік әкімшілік ету жұмыстарын жеңілдетіп, сыртқы экономикалық қызметке оңтайлы жағдай жасайды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер