«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Кәсіби мамандар алмайтын қамал жоқ

2016 жылғы 08 Желтоқсан
- Батыс Қазақстан облысы
11126 просмотров

Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығын алуға арналған байқау жеңімпаздарының бірі – «Камал-ойл» ЖШС

«Камал-Ойл» ЖШС – жобалауға, инжинирингке, жабдықтар мен материалдарды инспекциялауға, құрылысты басқару бойынша қызмет көрсетуге маманданған, сондай-ақ құжат айналымы саласындағы өзінің бағдарламалық зерттемелері бар, жас та болса, серпінді дамып жатқан кәсіпорын.

«Камал-Ойл» ЖШС – еңбекқор әрі өз ісінің мамандары құрған таза қазақстандық компания. Жұмыстарында инновациялар мен жаңа технологияларды пайдалану, бәсекелестерінің тәжірибесін, өткізу нарығын зерттеу, халықаралық сауда, сауатты басқару қағидаларын қолдану арқылы компания өз саласындағы өңірлік көшбасшы атанды. Қазір компанияның алдында тұрған міндет – Ұлттық көшбасшы атанып, сосын халықаралық деңгейде танылу.

Жобалау мен инжиниринг – кез-келген жобаның табыс кілті. «Өз жұмысымызда біз, мейлі жекелеген деталь болсын, мейлі біртұтас зауыт болсын 3D моделін құруға мүмкіндік беретін, сонымен қатар қателіктер мен «адами фактордың» жолын кесетін технологияларды пайдаланамыз, – дейді «Камал-Ойл» ЖШС бас директоры Абай Камалов. – Модельдеу басынан басталады: мынау нысан орналасуы тиіс аумақ, онда біртіндеп жерасты коммуникациялары, эстакадалар, құбыр желісі, жабдық  және дайын қондырғы пайда болады».

Кәсіпорын басшысы модельдерді жасау барысында технологиялық, электротехникалық, сәулет-құрылысқа қатысты ерекшеліктер ескеріліп, сондай-ақ қадағалау жүйесі және автоматика, су құбыры, кәріз жүйесі, жылу және вентиляция іске қосылатындығын атап өтті. Басқаша айтқанда, жоба бастан-аяқ құрылады. Абай Камаловтың сөзіне қарағанда, компания 3D-да модельдеп, жекелеген детальдардан бастап, күрделі жоспарларға, тіпті бас жоспарға дейінгі барлық техникалық құжаттаманы шығарады екен.

Компания басшылары құжат айналымын басқаратын бағдарламалық зерттемелерімен де мақтанады. Өйткені оларды «Камал-Ойл» әзірлеген. EurisKO и DCC-module-дің көмегімен кез келген компанияның құжат айналымын әлемнің кез келген нүктесінен және кез келген интернет-браузер арқылы басқаруға болады. EurisKO бағдарламасы компанияның құжаттамаларын сенімді түрде қорғауды қамтамасыз ету арқылы құжаттарға шұғыл рұқсат алу, орындау мерзімін бақылау сияқты міндеттерді шешеді. Міндеттерді бөлу матрицасын енгізе отырып, әрбір жұмысшыға жобадағы өз рөлін нақты білуге мүмкіндік береді, ол қызметкерлер жұмысының тиімділігін арттырады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер