«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Кеудең орден мен медальға толсын, кәсіпкер

2016 жылғы 15 Желтоқсан
- Батыс Қазақстан облысы
11494 просмотров

Батыс Қазақстан облысы бизнес-қоғамдастықтары өкілдеріне мемлекеттік марапаттар табыс етілді

Ел тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға, қоғамдық жұмыстарға белсене атсалысқандары үшін, батыс қазақстандықтардың бірқатары мемлекеттік марапаттарға ие болды.

Олардың санатында Орал өңірі бизнес-қоғамдастықтарының өкілі де бар. Атап айтқанда, «Парасат» орденімен «Ақас» агрофирмасы» ЖШС басшысы Қатауолла Әшіғалиев пен «Матевосян» ШҚ жетекшісі Александр Матевосян, «Ерен еңбегі үшін» медалімен «Кублей Талғат Берекешев» ЖШС директоры марапатталды.

Сол сияқты «Құрмет» ордені «Киргенев» ШҚ жетекшісі Қайыржан Киргеневке, «Батыс Пауэр» ЖШС директоры Жасұлан Жақыповқа, «Орал сауда-өнеркәсіптік компаниясы» ЖШС директоры Валерий Крыловқа, «Стекло-Сервис» ЖШС директоры Аркадий Рубцов пен тағы басқаларға табыс етілді. Сонымен қатар, Орал өңірінің бизнес өкілдері «Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 25 жылдық» мерейтойлық медалімен марапатталды. 

Марапатталғандар арасында Қазақстанның белгілі мұнайшысы Көшербай Айғожа-ұлы да бар. Экономика мен әлеуметтік саланы дамытуға айрықша үлес қосқаны үшін, «Зениттехсервис» ЖШС директоры Көшербай Айғожа-ұлы «Құрмет» орденімен марапатталды. Айта кетерлігі, «Зениттехсервис» ЖШС БҚО ірі өнеркәсіп орындарымен бірлесе отырып, «Машзавод» консорциумын құрған еді. Осылайша, консорциум Батыс Қазақстан облысы кәсіпорындары мен шетелдік серіктестер арасында кооперациялардың берік іргетасын қалай алды. 

«Машзавод» консорциумы өңірдегі барлық машина құрастыру компаниялары мүдделерін бір компания атынан қорғау үшін құрылған болатын. Олардың арасында Қарашығанақ, Чинаревское, Қашаған, Қаражамбас, Бозашы, Қарақұдық кен орындары мен олардың қосалқы мердігерлік мекемелеріне қажет машина құрылғыларын шығаратын компаниялар да бар, – дейді  Көшербай Айғожа-ұлы. – Консорциум оралдық зауыттардың баға демпингінен бас тартып, отандық өнімді дамыту саласы бойынша шетелдік серіктестіктермен өзара тығыз жұмыс жасауына жол ашты».

Қазіргі таңда жер қойнауын пайдаланушылардан келіп түсетін барлық тапсырыстарды «Зениттехсервис» ЖШС консорциумы операторы өңдейді екен. Келісім негізінде, оператор тапсырыстарды машина құрастыру компаниялары бірлестігіне қатысушылар арасында тең бөледі. Ал, қажет болған жағдайда аталған іске шетелдік компанияларды тартатын көрінеді. Ол өз кезегінде, кәсіпорындарға ресурстарды үнемдеуге жол ашқан. Себебі, шетелдік компания жариялаған тендерге қатысу үшін, әр зауытқа құжаттар пакетін даярлау қажет болады. Бүгінде бұл жұмысты консорциум өз мойнына алып отыр. Консорциум құру арқылы кәсіпорындар өз бағыттарын үйлестірген. Бірлестік ішіндегі бәсекені жою үшін, маманданған бағыттарын сақтай алған. 

Машина құрастыру кәсіпорындарын технологиялық тұрғыда жаңарту жұмыстары заманауи тәсілдермен іске асырылып келеді. Жаңарту жұмыстарының басты мақсаты – аталған бағытта жұмыс жасайтын, технологиялық көшбасшы елдердің компанияларымен иық тіресу. Бұл мақсаттарға қол жеткізу үшін, консорциум аясында: даярлау, қайта даярлау және білім беру бағдарламаларын әзірлеу, ЖОО мен жұмыс берушілерді тарту арқылы біліктілікті арттыру және «өмір бойы оқыту» жүйесі қағидатына сүйенетін кадрлық менеджменттің тиімді әдісін енгізу, жаңа өнім шығару мақсатында жаңа технологиялық алаңдар құру, кәсіпорында қолданылып келе жатқан технологиялар кластерін жетілдіру және оларды әлемнің үздік технологиялары талаптарына бейімдеу, өнімді шығаруда экспортқа басымдық беру және тағы басқа жұмыстарды қолға алу қарастырылған.

Аталған міндеттерді орындау үшін, кәсіпорын жетекшісінен жоғары біліктілік, мәселеге ғылыми тұрғыдан қарау, кәсібилік пен жауапкершілік талап етіледі. Аталған қасиеттердің барлығы республикаға және басқа да елдерге белгілі мұнайшы, мұнай-газ саласының еңбек сіңірген қызметкері Көшербай Айғожа-ұлының бойында бар.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер