«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Салықты бірнеше рет төлеудің қажеті жоқ

2016 жылғы 21 Желтоқсан
10433 просмотров

Мәжіліс Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Словения Республикасы Үкіметі арасындағы қосарланған салық салуды болдырмау туралы Конвенцияны ратификациялады

Қазақстан мен Словения қосарланған салық салу жүйесін алып тастау шарттарын келісіп жатыр – бүгін Мәжілістің пленарлық жиынында депутаттар «Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Словения Республикасы Үкімет арасындағы қосарланған салық төлеуді болдырмау және кіріс пен капиталға салынатын салық төлеуден жалтарудың алдын алу туралы Конвенция мен оның хаттамасын бекіту туралы» атты Конвенцияны қабылдады. 

Құжат келісімге отырып жатқан бір немесе екі мемлекеттің резиденттері болып табылатын заңды және жеке тұлғаларға арналған. Конвенция мемлекет атынан немесе оның өңірлік әкімшілік-аумақтық бөлімшелерінен, орталық немесе жергілікті атқарушы билік органдары тарапынан кіріс пен капиталға салынатын салыққа қолданылады. Заң жобасында кіріс пен капиталға салынатын салықтардан кірістің жалпы сомасына салынатын салықтар, кіріс пен капиталдың жекелей элементтерінің жалпы сомасына салынатын салықтар, жылжымалы және жылжымайтын мүліктен алынатын салықтар жатқызылған. Одан бөлек салық деп кәсіпорындар төлейтін жалақы мен еңбекақының жалпы сомасынан ұстап қалатын салықты, капитал құнының өсіміне салынатын салықты айтады.

Қазақстанда ұжымдық қосымша құн салығы, жеке қосымша құн салығы, заңды және жеке тұлға мүлкіне салынатын салықтар Конвенцияның ықпалына түспек. Словенияда заң жобасы бойынша заңды және жеке тұлғалар кірісіне және мүлікке салық салынады.

«Конвенцияға сәйкес дивидендтер, пайыздар, роялти есебінде кіріс тапқандар сол мемлекеттің салығын төлейді. Басқа мемлекет төленген салық сомасына есеп береді, немесе өзге мемлекетте төлеген салығынан босатып, қалған бөлігіне ғана салық салады», – деді Қаржы министрі. 

Мәжіліс депутаттары Конвенцияны бір ауыздан бекітті. Словения бүгінде құжатты заңдық күшіне енгізген.

Бақыт Сұлтановтың айтуынша, Қазақстан мен Словения арасындағы тауар айналымы соңғы он жылда 1023 млн долларға жеткен. 2015 жылы тауар айналымы 93,1 млн долларды құраған. Қазақстандық экспорттың негізін феррохром, ферросилиций құрайды. Импорт құрамында дәрі-дәрмектер, қара металлдан тұратын металл құрылымдар бар. Словенияның Қазақстан Республикасына құйған инвестициясы соңғы он жылда 15,8 млн долларға жеткен, оның 4,2 млн доллары 2015 жылы тартылған.

Жанар Сердалина


Еншілес ұйымдар

Серіктестер