«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Құлшыныс көкжиегі шексіз

2017 жылғы 26 Қаңтар
- Батыс Қазақстан облысы
6758 просмотров

Мүгедектігі бар жас кәсіпкер, несиеге кіріптар болмай-ақ, өз бизнесін дөңгелетіп отыр

Дағдарыс, экономикалық құлдырау, күйзеліс... Осындай сылтауларды, бүгінде, тепсе темір үзетін атпалдай азаматтардан жиі еститініміз рас. Алайда, мұндай қиыншылықтар біздің кейіпкеріміздің жұмысына тұсау бола алмады. Таныса отырыңыздар, Өмірболат Сейітқалиев – Орал қаласының тұрғыны, жас кәсіпкер. Жастайынан мүгедек болса да, жігері жасыған емес, қазір өз кәсібін ашып, табыс тауып отыр. Cырқатына қарамастан, ол күн сайын тағдырымен күресіп, басқалармен терезесі тең азамат болуға тырысты. Бүгінде ол өңірде компьютерлік және полиграфиялық қызметтер ұсынатын бизнеспен айналысады. Өз ісіне жауапкершілікпен қарайтын жас кәсіпкер, мектеп пен Орынбордағы колледжді де қатарластарынан қалмай, үздік тәмамдады. Ол колледжді бітірген соң, бірден бизнес ашпақ болған. Осы арқылы өзі сияқты мүмкіндігі шектеулі жандарға көмектескім келді дейді кәсіпкер. Көп ұзамай, Өмірболат ЖК ашып, бір ғимаратты жалға алады да, компьютерлік курс ұйымдастырады. Сондай-ақ «Даму-көмек» бағдарламасы аясында кәсіпкерге демеушілік көмек көрсетілді.

«Жеке кәсіпкерлікті өзім сияқты мүмкіндігі шектеулі жандарды әлеуметтік теңдікке жеткізу үшін, олардың компьютерлік сауатын арттыру мақсатында аштым, – дейді Өмірболат Сейітқалиев. – Бұл мақсатымды жүзеге асыруда маған Палатаның өңірлік филиалы көп көмек көрсетті. «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті дамыту және қолдаудың бірыңғай бағдарламасы аясында, «Бизнес-кеңесші» бағдарламасы бойынша тегін оқу курсын тәмамдадым. Осы орайда,  Палата ұжымына зор алығысымды білдіремін. Олар маған пайдалы ақыл-кеңес беріп, жан-жақты қолдау көрсетті».

Бүгінде Өмірболаттың бизнесі үш нүктеде орналасқан. Онда құжаттарды басып шығару, көшіру, сканерлеу, ламинадтау және фотосуреттер шығару сияқты қызметтер көрсетіледі. Аталған қызмет көрсету орталықтары шағын болғанымен, онда жиырмадан астам адам жұмыс істейді. Алдағы уақытта кәсіпкер тағы да осындай үш нүкте ашпақ.

Өтемұрат сынды жігері мықты, өмірге деген құлшынысы зор азаматтардың   көпке үлгі боларлықтай, сонымен қатар қоғамға да пайдалы іс атқарып отырғандығының куәсі бола отырып, барлық қолға алған жұмыстары мен арман-мақсаттарына сәттілік тілейміз. Ісің алға басып, өркенің өсе берсін, жас кәсіпкер! 21 ғасыр – сен сияқты мықты адамдардың ғасыры.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер