«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Эльдар Жұмағазиев «Атамекен» ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары болып тағайындалды

2017 жылғы 31 Қаңтар
24033 просмотров

«Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Төралқасының шешімімен Жұмағазиев Эльдар Тынышбайұлы Төраға орынбасары, Басқарма мүшесі болып тағайындалды

Эльдар Жұмағазиев білім, жұмыспен қамту мен әлеуметтік сала, мемлекеттік тілдегі бизнес-коммуникация және IT саласын дамыту мәселелерін басқаратын болады. Сондай-ақ, ол, «Атамекен» ҰКП еншілес мекемесі – «Нарықты сараптау және мониторингтеу орталығы» ЖШС Бақылаушы кеңесінің төрағасы болып табылады.

Эльдар Жұмағазиев Атырау облысында дүниеге келген. Атырау мұнай және газ институтының мехника факультетін, РФ Президенті жанындағы Ресей мемлекеттік қызмет академиясын «Саясаттану» мамандығы бойынша тәмамдаған.

1996­-2002 жылдар аралығында бірқатар жекеменшік компанияларда басшылық қызметте болған. 2002-2006 жылдары Атырау облысы Ішкі саясат департаментінің жастар және үкіметтік емес ұйымдармен жұмыс бөлімінің басшысы, аталған департамент директорының орынбасары қызметтерін атқарған. 2006-2011 жылдары өңірлік басты медиахолдинг – «Атырау-Ақпарат» коммуналдық-мемлекеттік кәсіпорнын басқарған. 2011-2012 жылдары Атырау облысы әкімдігінің Ішкі саясат басқармасына басшылық еткен.

2014 жылдың ақпан айынан бастап, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы құрылымында жұмыс істейді. Басқарма Төрағасы кеңесшісі қызметінде болып, PR мәселелері, БАҚ-пен байланыс және имидж жұмыстарына басшылық етіп келді. Сонымен бірге, Аппарат жетекшісінің орынбасары қызметін атқарды.

2016 жылдың ақпанынан 2017 жылдың қаңтар айына дейін Аппарат жетекшісі қызметін атқарып, құжат айналылымы, әкімшілік-шаруашылық қызмет пен мемлекеттік тілде коммуникацияны дамыту жұмыстарына жетекшілік етті. Бірқатар мемлекеттік марапаттардың иесі.   


Еншілес ұйымдар

Серіктестер