«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Отандық өнім Астана сөресіне қашан жетеді?

2017 жылғы 10 Ақпан
11885 просмотров

Ауыл шаруашылығы өнімдері Елордада сатылуы үшін көтерме-тарату орталықтарын дамыту керек

Астана кәсіпкерлерінің конференциясында «Атамекен» ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Нұржан Әлтаев Елорда нарығына ауыл шаруашылығы өнімдерін жеткізу мәселесіне тоқталды.

«Бүгінгі өнімдерді өткізу жүйесі ауыл шаруашылығы саласы мен оның саудасының дамуына, сондай-ақ Қазақстан азаматтарының отандық аграрлық өнімдерге деген сұранысына кері әсерін тигізіп отыр. Мемлекет басшысы Жолдауында атап өткендей, агроөнеркәсіптік кешен ел экономикасының жаңа драйверіне айналу үшін агроөнімдерді сақтау, жеткізу және өткізудің тиімді жүйесін құру керекпіз», ­– деп мәселені кеңінен тарқатты Нұржан Әлтаев.

Басқарма Төрағасы орынбасарының айтуынша, Қазақстанның қазіргі аграрлық жағдайында импорттық өнімдердің үлесі күні бүгінге дейін өзін-өзі қамтып келген ел екендігін көрсетпейді. Ішкі нарыққа дендеп енген импорттық тауарлар үлесі өте үлкен, атап айтқанда, сиыр еті 36 миллион АҚШ долларына, қой еті 300 мың АҚШ долларына, бал 0,5 млн долларға әкелінген. Сонымен қатар, астық өсіруден алдыңғы қатардағы ел бола тұра, макарон өнімдері соңғы 5 жылда 50 млн долларға сырттан жеткізілген. Пияз, сарымсақ, қызанақ, қырыққабат секілді бірқатар көкөніс түрлері де сырттан келеді екен.

«Орташа есептегенде, 3 миллиард АҚШ долларға азық-түлік сырттан келеді, алайда көптеген өнімдерді өз елімізде шығарып, ішкі сұранысты қамтамасыз етуге шамамыз келер еді. Өліара мезгілінде картоп Пәкістаннан жеткізіледі, бірақ базарда «макиндік» немесе «павлодарлық» деп сатады. Картоп экпорты үлкен емес, біздің сатқанымыздан, сатып алғанымыз көп. Шағын өндірушілер әсіресе, қыс мезгілінде жеткізудің кезеңділігін сақтай алмайды, сол уақытта жеткізу, сату бағалары шарықтайды», – деп түсіндірді Нұржан Әлтаев.

Басқарма Төрағасы орынбасарының айтуынша, отандық шаруалардың өз өнімдерін сақтап, уақытылы әрі тұрақты сатулары үшін заманауи сақтау орындары жоқ. Шаруа тіпті сапалы өнім өсірсе де, оны тұтынушыға лайықты деңгейде ұсына алмайды, дұрыс сақталмағандықтан баға да, сұраныс та азаяды. Ал сауда нүктелері сөрелерді импорттық тауармен толтырады.

«Былтырғы жылы Алматы қаласында аграрлық өнімді сауда нүктелеріне тікелей жеткізу мәселесі талқыланып, ауыл шаруашылығын өндірушілер мен сауда үйлерінің және Ұлттық палатаның арасында ынтымақтастық жөніндегі келісім жасалды. Сауда нүктелері отандық өнімді сатуды қолдағанымен, бірде-бір кооператив кезең-кезеңімен тауар жеткізе алмады. Сапасы жағынан да, бағасымен де импорттық тауарға бәсекелес бола алатын отандық өнім көтерме-тарату орталықтарының жоқтығынан тұтынушыға жыл бойы жетпейді. Шаруа өнімдерін жинаған уақытта болмашы ақшаға делдалдарға сатады, ал олар сауда базарларда жоғары бағада өткізеді», – деп атап өтті Нұржан Әлтаев.

ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасарының айтуынша, өнімді күнбе-күн, апта сайын сатылымға қойып, бөлшектеп сатуға мүмкіндік жоқ, өнімді сақтап, азды-кем қор жасау үшін өнім сақтайтын қоймалары жоқ шаруаларға өнімді сауда орындарына аз мөлшерде әкелген тиімдірек. «Осы орайда толық жүктелмеген сауда қоймалары мен тұрғын үй емес орын-жайларды қолдану қажет. Қойма хабы рөлін атқаруға дайын серіктестеріміз де бар, олар «Алай» базары мен «Континентал Логистикс» сауда-логистикалық орталығы», – деп атап өтті Нұржан Әлтаев.

Соңғы уақытта аталған мәселеге Үкімет тарабы да назар аударған: сауда саласы дамыту бойынша бағдарламаны дайындау жұмысы жүргізіліп жатыр. Онда көтерме-үйлестіру орталықтары дамуы бойынша сұрақтар шоғыры қамтылған. Аталған көтерме орталықтар шаруалар үшін маңызды. «Жаңа бағдарлама үшін ұсыныстар дайындау шеңберінде біз бұл мәселені белгілеп қойдық», – деді ол.

«Аталған жұмысты Астана қаласында бүгіннен бастау керек. Өйткені, алдағы уақытта «ЭКСПО-2017» көрмесін өткізу аясында алдымызда азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, ұйымдастыру бойынша үлкен жұмыс күтіп тұр. Халықаралық көрмені өткізу науқанында болжам бойынша сырттан 2 млн адам келеді деп күтілуде», – деді Нұржан Әлтаев.

Сонымен қатар, «Астана» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының деректерін келтіре отырып, көрме өткізу науқанында қала бойынша күріш, қарақұмық, қант, минералды су, ет сынды өнімдер тапшылығы орын алуы мүмкін. «Әсет Орынтайұлы, тапшы болатын өнімдер тізімі анағұрлым кең, мәселен, бұл қатарға көкөніс пен жеміс-жидектердің барлығын, тауық еті, ет өнімдерін жатқызуға болады», – деп атап өтті ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары.

Нұржан Әлтаев Сатып алуды жүзеге асыру үшін ӘКК бюджеттен қосымша 2 млрд теңге бөлуді, сондай-ақ, Астанаға осы импорт өнімін шетелден тасымалдау үшін жасыл дәліз қамтамасыз етуді ұсынып отырғанын жеткізді. «Мерседестерді» жасай алмаймыз, «Самсунгтарды» өндіре алмаймыз, ал халықаралық аренада бәсекеге төзімді аграрлық өнімді шағара аламыз. ЭКСПО науқанында және тұрақты түрде Астананың азық-түлікпен қамтамасыз етуін отандық өндірушілердің өнімді дұрыс сақтау мен логистиканы жоспарлау арқылы жүзеге аспақ», – тұжырымдады ол.

Сөзін қорытындылай келе Нұржан Әлтаев «Атамекен» ҰКП мен қала әкімдігінің қолға алған негізгі бағыттарын атап өтті. «Шын мәнінде бүгінгі күні тауар өндірушілердің басым бөлігі желілерді тауарларын сатудың негізгі тетігі ретінде қарастырады. Сондықтан «Өңірлік бөлшектеп қаржыландыру» бағдарламасы арқылы азық-түлік тауарларын Астана қаласына бірыңғай қақпадан кіргізу, фитосанитарлық және ветеринарлық бақылауды ұйымдастыру, Астана қаласының ӘКК бөлетін ақша есебінен тек отандық өнімін сатып алуды қолға алу сынды негізгі көтерме-үйлестіру орталықтың жұмысын анықтау керек», – деді Нұржан Әлтаев.

Сонымен қатар «Атамекен» ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары тауар сатып алуды жүргізу аясындағы барлық комиссияларға қоғамдық бірлестіктер, «Атамекен» ҰКП Агроөнеркәсіп кешені комитетінің өкілдерін қосу керектігін алға тартты.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер