«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Көшпелі кездесу дәстүрге айналды

2017 жылғы 07 Наурыз
- Батыс Қазақстан облысы
5540 просмотров

Кеден өкілдері «Квант» компаниясының өндірісіне барды

Батыс Қазақстан облысы өңірлік кәсіпкерлер палатасының жұмысында туындаған мәселелер мен сұрақтарды сол орында, яғни өндірісте компания басшылығымен тікелей кездесе отырып шешу дәстүрге айналды.

«Квант» ЖШС басшысы Михаил Пшеничный өзара байланыстың мұндай формасы заңнамада өзгерту енгізу кезеңінде еріксіз заң бұзушылықтардың алдын алуға мүмкіндік береді дейді.

«Біздің есігіміз әрдайым ашық және өндірісімізді көрсетуге қуаныштымыз. Диалогтың мұндай формасы тек қуантады, себебі бизнесті дамытуға жақсы жағдай жасайды», ­– дейді Михаил Пшеничный.

БҚО бойынша мемлекеттік кірістер департаменті мен Кәсіпкерлер палатасының өкілдеріне «Квант» ЖШС өндірістік алаңында компания қызметкерлері тауарларды кедендік мағлұмдау кезінде туындайтын мәселелер туралы айтып, электронды шот-фактураны толтырудағы сауалдарға жауап берді. Сонымен қатар, 2017 жылы 1 шілдеде күшіне енетін ЕАЭО-ның жаңа Кедендік кодексі туралы да жеткізді.

Кедендік ресімдеу басқармасының басшысы Альбек Хаймульдинов жаңа кодекске тәуекелдің төмен деңгейіне жататын, сондай-ақ ЕАЭО территориясында тауарларды кедендік тазарту кезінде артықшылыққа ие болатын өкілетті экономикалық операторлардың қызметі мен мәртебесін алуға қатысты ережелеріне өзгерістер енгізілгені туралы түсіндірді. Сондай-ақ, ол бос қойманың кедендік процедурадағы артықшылықтары туралы түсініктеме беріп, электронды декларация мен тауарларды автоматты түрде өткізуді енгізуге қатысты атқарылып жатқан жұмыстар жайында айтты. Бұған қатысты пилоттық жоба «Орал-ЦТО», «Әуежай Орал» кедендік посттарында іске қосылған.

Кәсіпорынға барған уақытта немістер пен италиялықтардың корпустың жиһазға, жұмсақ жиһаздарға, матрастарды пішу мен тігуге арналған заманауи жабдықтары қойылған өндірістік цехтар көрсетілді. Қонақтар «Квант» ЖШС өнімдерінің импорттық аналогтан еш кем түспейтінін көрді. Заманауи дизайн  мен классикадан бастап модернге дейінгі модельдік қатар қолжетімді бағада ұсынылған.

«Импорт алмастыру қажеттілігі туралы мәселе көтеріліп отырған уақытта отандық кәсіпорында өнім дайындау өз еліміздің тұтынушыларына арналған. Жоғары технологиялық жабдық пен білікті мамандар арқылы бәсекеге қабілетті өнім шығаруға болатынын түсінеміз», –­ дейді ӨКП жобаларды сүйемелдеу бөлімінің бастығы Эльмира Өтешова.

«Квант» ЖШС осы жылы «Қазақстанның үздік тауары» көрме-байқауына және ҚР Президентінің «Алтын сапа» сыйлығының байқауына қатысуды жоспарлап отыр.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер