«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Орал жастары білім алуға құштар

2017 жылғы 03 Сәуір
- Батыс Қазақстан облысы
10697 просмотров

120 оралдық «Бизнес-Кеңесші» жедел курстарынан өткен   

Өңірлік кәсіпкерлер палатасы мамандары аталмыш курстарға сұраныс зор екенін айтады. Әсіресе жастар легі білім алуға құштар. 

Юлия Степанова үш жылдық тәжірибесі бар кәсіпкер. Кәсіпкер болғаннан бастап Юлия бұл курстардан өтіп, Тасқалы ауданында киім тігу ательесін ашады. Биыл іскер ару тағы бір кәсіп көзімен айналысуды жоспарлаған. Ол нарықты зерттеу, мүкіндіктерді саралау, серіктестерді табу бойынша жұмыстарды бастап, бизнес-жоспар әзірлеуге кіріскен. Осы мақсатта білімді шыңдап, өткен сабақты еске салу үшін Юлия «Бизнес-Кеңесші» курстарын оқуға тағы келді. «Бизнес-Кеңесші» курстары арқылы білім алып қана қоймай, «Бизнес жол картасы-2020» бағдарламасы аясында гранттық қаржыландыруға қол жеткізуге болады.  

«Мен осы оқыту курстарына қатысқаным үшін өте қуаныштымын. Кәсіпкер болсам да, курстарда алған ақпарат пен білім кәдеге асып жатыр. Қаржылық жоспарлау мен бизнес-жопарды құру бойынша ақпарат қажетті болып шықты, өйткені биыл тағы бір кәсіпты қолға алмақпын. Бұл білім алу тегін әрі тиімділігі жоғары»,– дейді Юлия.  

Бүгін бұл бағдарламамаен өңірде 120 адам білім алған. Қазіргі таңда оқу курстары жалғасып жатыр. Оқыту қазақ және орыс тілдерінде  жүргізіледі. Жедел курстарда тыңдаушылар маркетинг, адам ресурстарын басқару, бизнес жүргізудегі құқықтық негіздер, кәсіпорынның қаржылық мәселелрі бойынша семинарларға қатысты.

Курстың бизнес-тренерлері Нұрлан Абдрахманов пен Зульфия Халилованың айтуынша ӨКП курсына деген қызығушылық жылдан жылға артып келеді. Әсіресе жастардың ынтасы жоғары. «Жастардың идеялары мен құлшынысы көңіл қуантады, олар алдарында тұрған миссиялын жақсы біледі», – деп атап өтті Нұрлан Абдрахманов.

Мәселен, Орал қаласынан келген тыңдаушы Нұрлан Мерғалиев өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың бірі. Алайда жас кәсіпкердің жоспарлары мен идеялары көп. Оны энергия көздерінің баламалары қызықтырады.

«Жоспарларымды орындау жолында «Бизнес-Кеңесші» курстары таптырмас мүмкіндік болып отыр. Білімсіз іс бастау оңай емес. Сондықтан оқу арқылы шыңдалу керек», – дейді Нұрлан.

Бизнес-тренер Евгения Гулицкая ақпараттың көптігі болмайды деп ойлайды. Евгения да жобаға қатысып отыр. «Барлық таныстарыма мемлекеттік бағдарламаларға қатысуға үнемі кеңес беремін. Әйелдер кәсіпкерлігіне де ден қойылып келеді. Мемлекеттік қаржыландыруды алу үшін алдымен оқудан өту керек. Зульфия Халилова жетекшілігімен өткен екі күн оқу зулап өтіп кетті», – деді Евгения.

 Айта кетелік, оқу курстары жылдың аяғына дейін жалғасатын болады.

  


Еншілес ұйымдар

Серіктестер