«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Батыс Қазақстан облысы мен Орал қаласының әкімдері кәсіпкерлерді қабылдауда

2017 жылғы 06 Мамыр
- Батыс Қазақстан облысы
7129 просмотров

Батыс Қазақстан облысы әкімі Алтай Күлгінов пен Орал қаласының әкімі Нариман Төрегелдиев ӨКП алаңында кәсіпкерлерді қабылдады   

Орал өңірінде кәсіпкерлікті қолдауға барынша күш салынуда. Батыс Қазақстан облысы әкімі Алтай Көлгінов кәсіпкерлермен жиі кездеседі. Әкім бизнесмендердің өз ауыздарынан тілек-шағымдарын есту үшін апта сайын Өңірлік кәсіпкерлер палатасына барып, кездесулер өткізеді. Осы бастаманы Орал қаласының әкімі Нариман Төрегелдиев те қолдап, кәсіпкерлерді қабылдауды бастады.  

Кәсіпкерлер Амангелді Шаштығалиев тұрмыстық химиялық заттарды тасымалдайды әрі бұл нарықтың бүгі-шүгесін біледі. Жергілікті сұраныс пен нарықты зерттеп, кәсіпкер кір сабын өндірісін қолға алмақ ойы бар. Кір сабын өндіретін кәсіпорын бұл аймақта жоқ, ал сұраныс жоғары. Әкімдікке жүгінген кәсіпкер Қазақстанда кір сабын тек оңтүстік аймақта шығарылатынын, отандық өнімнің аздығын айтты, сондықтан кір сабын Ресейден импортталады екен. Осы оңай өндірісті неге қолға алмасқа? Амангелді Шаштығалиев  барлық тәуекелдерді саралап, бұл жобаның тиімділігін алға тартып отыр.

 «Біз сабын өндіру технологиясын зерттедік. Тапсырыс пен шикізат та бар. Енді бізге тек ұсыныс жасау қалды. Қажетті бизнес-жоспарымыз да бар, «Бизнес-Кеңесші» курсына жазылып қойдық. Қажетті жабдықты сатып алуда қаражат үшін «Даму» қорына құжат тапсыруды көздеп отырмыз. Сізге орын-жай бөлу туралы өтініш жасап келдім. Өндіріске жер учаскесі немесе дайын цех қажет болып тұр», – деді әкімге кәсіпкер.  

 

 «Бұл жақсы идея. Халыққа қажетті жоба», – деді Нариман Төрегелдиев. Әкім бұл жобаны іске асыру үшін бірнеше ұсыныс айтты.   

Кәсіпкерлер әкімге жер учаскесін алу, пәтерды сауда алаңына жобалау, су, жылу жүйесіне инновациялық технологиялар енгізу, білім беру саласында жобаларды іске асыру сынды өтінімдерімен келген.   

«Қабылдауға келген кәсіпкерлердің өтініштері қаралып, жауапсыз қалмайды. Оларды мүмкіндігінше шешуге тырысамыз», – деді қала әкімі. 

Әкім қабылдауына кәсіпкерлер мына байланыс телефоны арқылы жазыла алады:   call-орталық: 8-7112-24 30 86 немесе ұялы телефон: 8 701 687 37 87.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер