«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

«Атамекенде» жаңа тағайындаулар

2017 жылғы 05 Желтоқсан
15371 просмотров

Басқарма Төрағасының орынбасары міндетін Олжас Қаржауов пен Қуаныш Бишімов атқарады

«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасында Олжас Қаржауов өңір мәселелеріне жетекшілік етеді, сонымен қатар өңірдегі мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобалары, туризм, еншілес ұйым – «Қазақстанның сыртқы сауда палатасы» ЖШС қызметін сүймелдеу және бизнеске қаржылай емес қолдау көрсету мәселелерімен де айналысады.

Өз кезегінде Қуаныш Бишімов квазимемлекеттік сектор, жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алуы, импорт алмастыру саясатын жүзеге асыру, тауардың шығарылуын сертификаттау мен индустриялық сертификат мәселелеріне жетекшілік етеді.

Жеке мәлімет:

Қаржауов Олжас Есалханұлы

1983 жылы Жамбыл облысында туған.

Алматы экономикалық университетін «қаржыгер-экономист» мамандығы бойынша тәмамдаған, сондай-ақ М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінде «юриспруденция» мамандығы бойынша білім алған.

2003-2010 жж. – «Кедбери Қазақстан» өкілдігінің өңірлік директоры

2012-2014 жж. – Жеке кәсіпкер

2012-2014 жж. – «Кәсіпкерлікке қызмет көрсету орталығы» ЖШС, рұқсат құжаттары жөніндегі бөлім басшысы

2014- 2014 жж. – «BON FOOD» ЖШС директоры

2014 жылдың шілде-қыркүйек айлары – «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Өңірлік даму департаментінде сарапшысы

2014 жылдың қыркүйек-желтоқсан айлары – «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Өңірлік даму департаменті директорының орынбасары

2015 жылдың қаңтар-сәуір айлары –  Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары

2015-2016 жж. – Маңғыстау облысы кәсіпкерлер палатасы Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының директоры

2016-2017 жж. – Маңғыстау облысы кәсіпкерлер палатасының директоры

2017 жылдың желтоқсанынан бастап – «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Басқарма Төрағасының орынбасары

Бишімов Қуаныш Ердәулетұлы

1972 жылы Қарағанды облысында туған.

Қарағанды политехникалық институтын «механик инженер» мамандығы бойынша тәмамдаған, сонымен қатар Қарағанды мемлекеттік университетінде «заңгер» мамандығын алған.

1994-1998 жж. – ТББ бақылаушы механик, Қарағанды №3 автобус паркіннде өндіріс диспетчері

1998-2001 жж. –Қарағанды облысы бойынша кеден басқармасында инспектор, бас инспектор

2001-2003 жж. – ҚР Экономика және сауда министрлігі, Индустрия және сауда министрлігінде бас маман, экспорттық бақылау басқармасы басшысының орынбасары

2003-2005 жж. – «Қазақстан Инжиниринг» ҰК» АҚ қорғаныс өндірісі департаментінің директоры, жобаларды басқару және техникалық даму департаментінің директоры

2005-2010 жж. – «Тыныс» АҚ бас директоры, Көкшетау қаласы

2010 – 2011 жж. – «Қазақстан Инжиниринг» ҰК» АҚ вице-президент

2011 – 2017 жж – «Петропавл ауыр машина жасау зауыты» АҚ бас директоры

2017 жылдың желтоқсанынан бастап – «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Басқарма Төрағасының орынбасары.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер