«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Тимур Құлыбаев: Сот жүйесі барынша ашық әрі түсінікті болуы керек

2017 жылғы 07 Желтоқсан
10448 просмотров

ҚР Жоғарғы Соты мен «Атамекен» «Жол картасын» қабылдады

7 желтоқсан күні Жоғарғы Сот мінберінде «Бизнестің құқығы мен заңды мүддесін сотта қорғаудың тиімділігін арттыру» атты форум өтті. Форумға Қазақстан Республикасының Жоғары Сот төрағасы Қайрат Мәми, «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаев қатысты.

«Атамекен» ҚР ҰКП Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаев кәсіпкерлердің құқығын қорғауда Ұлттық палата мен мемлекеттік органдар арасындағы байланыс жақсы орнағанын атап өтті. «Атамекен» бастамасымен, мемлекеттік органдардың қолдауымен заңнамалар оңтайландырылып, бизнес-қоғамдастық ұсыныстары ескеріліп, Жаңа салық кодексі, Кеден кодексі, экологиялық кодексі өзгертілді. Әкімшілік құқық бұзу кодексіне де өзгертулер енгізілді.

«Осы жұмыстың барлығы елімізде кәсіпкерлікті жүргізуді жақсартуға бағытталған. Ата Заңда көрсетілген құқықтар жүзеге асуда. Осы ретте Жоғарғы Сот, судья рөлі ерекше. Сот жүйесі Елбасымен тапсырылған меодернизация бағдарламасындағы басымдыққа ие бағыт», – деді Тимур Құлыбаев.

Төралқа Төрағасы атап өткендей сот жүйесі де трансформацияланып жатыр, жақсы өзгерістер бар.

«Сотқа бару кәсіпкер үшін қашан да күйзеліс тудырады. Оның ісі бойынша тез шешім қабылданса, барлық тарапқа жақсы. Ұлттық палата сот жүйесінің тиімді жұмыс істеуін қалайды. Сот жүйесі барынша ашық әрі түсінікті болуы керек. Біздің Жоғарғы Сот жұмысына араласуға хақымыз жоқ, алайда бірлесіп жұмыс істеуімізге болады. Кәсіпкерлердің құқықтық мәдениетін қайтсек те жақсартамыз. Осы бағытта бірлескен жұмысымыз тиімді болмақ», – деді Тимур Құлыбаев.

«Атамекен» басшысы әр салада цифрлау үдерісі жүріп жатқанын айтты. Осы үдерісті сот жүйесіне енгізуді ұсынды. Қазір ауданаралық экономикалық соттар жұмыс жүргізіп жатыр.

«Бүгінде 700 бап бар, баптарда нормативті-құқықтық актілерге сілтемелер көп. Мәселен, Ресей мен Белорусьта мұндай баптар екі есе аз. Біз құқық қорғау, салық органы, Үкімет пікірін есепке алып, саралығымыз келеді. Бүгінде Кеден кодексі Сенаттың қарауында жатыр. «Атамекеннің» ұстанымы – қызмет көрсетуді автоматтандыру. 2018 жылы барлық қызмет түрлерін цифрлауға жұмсалуы керек. Осылай адами фактор, сыбайлас жемқорлық пайызын азайтуды көздеп отырмыз», – деді Тимур Құлыбаев.

Форумда «Атамекен» басшысы Ұлттық палата жанынан жұмыс істейтін арбитраж қызметіне назар аударды. Сонымен қатар 1 шілдеден бастап ҚР Қаржы министрлігі жанынан Апелляциялық комиссия жұмыс істеп жатқанын айтты. «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының ұстанымы – шенеуніктердің жауапкершілігін арттыру.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер