«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Мемлекеттік органдар сот процесінде басымдыққа ие ме?

2017 жылғы 08 Желтоқсан
- Алматы қаласы
7121 просмотров

Алматы қалалық сотында кәсіпкерлердің сот тартысында туындайтын мәселелері талқыланды.

Сот тыңдалымдарында кімнің процессуалды құқықтарымен зиян келтіретінін судьялар мен Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасы анықтауға тырысты. Әдетте бизнесмендер іс мемлекеттік органдардың біріне қатысты болса, дауды шешуді сотқа жеткізубеуді қалайды. Көп жағдайда мәселе салық, кеден, жер және сәулет-құрылысы заңнамаларында туындайды. Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасының сарапшысы Роза Әбуованың айтуынша, мемлекеттік құрылым қызметкерлерінің арасында олардың сөзі мемлекеттік қызметкер ретінде даусыз деген қатаң ұстаным кең тараған.

«Азаматтық істер бойынша тараптың бірі мемлекеттік органдар болады. Олардың өкілдері сот процестеріне келмейді. Тіпті оларға төрағалық ететін судьяның өзі хабарласып жатады. Олар өздері келтірген деректерге қажетті дәлелді бермейді немесе толық келтірмейді», - деді Роза Әбуова.

Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасының директоры Дінмұхамед Әбсаттаров еліміздің заңнамасына сәйкес ешқандай заңды тұлғаға артықшылық берілмейді және керісінше, сот процесіне қатысушылардың ешқайсы қысымға ұшырамау керектігін атап өтті.

«Мемлекеттік мүддеге басқа қырынан да қарау керек. Кәсіпкерлер – салық төлеушілер, жұмыс берушілер, отандық өндірушілер. Бизнес үшін сот процесіне қатысу – үлкен тәуекел. Кәсіпкерлер істі қарауға уақыты мен ақшасын жұмсайды. Сот процесінде қатысушылардың құқығы теңдей сақталғаны өте маңызды», - деді Дінмұхамед Әбсаттаров.

Сонымен қатар ол қалалық сотқа Кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп онлайн кеңес беру механизмін дайындауды ұсынды. Бұл бизнеске сот процесіне дайындалуда қандайда бір қателікті жібермеуге мүмкіндік береді.

Жиын барысында Кәсіпкерлер палатасы мен Алматы қалалық соты ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойды.

«Бұл құжат Кәсіпкерлер палатасымен жемісті еңбек етуге мұрындық болады. Алматы қалалық соты, оның сот алқасы біздің азаматтарымыздың, оның ішінде кәсіпкерлердің құқықтары мен заңды мүддесін қамтамасыз етуге барынша күш жұмсайды. Сот қорғауы үшін сот процесінде қатысушылар үшін теңдей жағдай жасалған. Азаматтардың сенімі заңның үстемділігі қағидасына негізделеді. Бүгінде сот ісінде жаңа ақпараттың технологияны пайдалану арқылы да жүзеге асады», - деп атап өтті Алматы қалалық сотының төрағасы Нұрғазы Әбдіқанов.

Сот алқасының мүшелері процесске қатысушылар өз құқықтарымен зиян келтіретін жағдайлар аз емес екендігін айтты. Сотқа құрмет көрсетілмеген жағдайда айыппұлды өсіру, сот отырысында залдан шығару секілді шаралармен жауапкершілікті арттыруды ұсынды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер