«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

ҚР Салық кодексінің толық мәтіні

2017 жылғы 27 Желтоқсан
52585 просмотров

Жаңа Салық кодексі 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді

26 желтоқсанда «Казахстанская правда» газетінде жаңа Салық кодексінің толық мәтіні жарияланды. Аталған кодекс 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді.

Еске салсақ, 25 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев салық заңнамасын жетілдіруге бағытталған «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодекске қол қойды. Мемлекет басшысы мұнымен қоса жаңа Салық кодексінің ережелерін қолданысқа енгізу мерзімдерін айқындайтын «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» Заңына және заңнаманы жаңа Салық кодексіне сәйкес келтіруге бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Жаңа Салық кодексін дайындауға бизнес-қоғамдастық белсене қатысқанын, сондай-ақ «Атамекеннің» бірқатар ұсынысы мен бастамасы ескеріліп, енгізілгенін атап өту керек:

  • ҚҚС бойынша қолданыстағы шектеу 30 000 АЕК көлемінде кезең бойынша төмендетусіз сақталды;
  • Қолданыстағы арнайы салық тәртіптемелері сақталды;
  • Әлеуметтік салық мөлшері 11%-дан 9,5%-ға дейін азайтылды;
  • Салық төлеушінің адалдық қағидасы енгізілді;
  • Егер салық төлеуші салық органының түсіндіруі бойынша әрекет етіп, оның саоңында сол позиция өзгеріп кеткен болса, айыппұл, өсімпұл қолданылмайды;
  • 2020 жылдан бастап шағын және орта бизнес үшін талап қою мерзімі 5 жылдан 3 жылға қысқартылады, ал басқалары үшін 5 жыл;

Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексі № 120-VI 2017 жылдың 25 желтоқсаны

ҚР «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін қолданысқа енгізу туралы» Заңы № 121-VI 2017 жылдың 25 желтоқсаны

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы № 122-VI 2017 жылдың 25 желтоқсаны


Еншілес ұйымдар

Серіктестер