«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Жолаушыларды тұрақты тасымалдау тоқтап қалуы мүмкін

2018 жылғы 06 Ақпан
9663 просмотров

Қазақстан тасымалдаушыларының басты мәселесі шығындарды тұрақты субсидиялаудың болмауынан орын алған. Бұл туралы «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Елдос Рамазанов хабарлады

 «Қазіргі таңда қалалық жолаушы тасымалдау саласында түйткілді мәселелер көбейген, оған Жамбыл облысындағы  тасымалдаушылар шағымы мен Ақтөбе облысындағы оқиға дәлел», – деді Елдос Рамазанов.

Басқарма Төрағасының орынбасары басты мәселе тасымалдаушылардың шығынын өтейтін субсидиялаудың болмауынан туындаған деп есептейді. Оған қоса автобус парктері де ескірген.

 «Қалалық маршруттардағы 12 мың автобустың шамамен 60%-ы 7 жылдан аса пайдаланылған. Ал автопарктарды жыл сайын қажетті 20%-ға емес, шамамен 3-5%-ға ғана жаңартылады. Сонымен қатар жанар-жағармай, қосалқы бөлшектердің де бағасы қымбатталы, осының салдарынан бұл сала кенжелеп, дамымай отыр. Қазақстандық тасымалдаушылардың ауқымды қарызы жиналған, осы себепті парктер халыққа қызмет көрсете алмайтындай халге жетті. Мұндай жағдай жеке және муниципалды парктерде де орын алып отыр», – деді Елдос Рамазанов.

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы бүгінде бұл сала өздігінен парктарды жаңарта алмайды, тұрақты тасымалдау тоқтап қалудың алдында деп санайды. Нәтижесінде өнеркәсіптік кәсіпорындардың жұмысына кедергі болып, ел экономикасына да нұқсан келтіріліп отыр.

 «Халықаралық тәжірибе талдауы көрсеткендей, әлем мемлекеттерінің басым көпшілігінде қоғамдық көлік шығындары мемлекет тарапынан субсидияланады. Елімізде 16 өңірдің жетеуінде ғана (Алматы, Алматы облысы, Ақмола облысы, ШҚО, Павлодар облысы, Қызылорда облысы) ішінара болса да субсидиялау жоспарланған. Ал толық субсидиялау үшін барлық нормативті-құқықтық база қарастырылған. Орын алған жағдай жолаушы тасымалдауы саласын дамытпайды. «Атамекен» бұл мәселені бірнеше рет Үкімет деңгейінде көтерген еді. Қазіргі таңда ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары Асқар Мәминнің тапсырмасымен автобуспен  жолаушы тасымалын дамыту бойынша Кешенді бағдарлама әзірленіп, Үкімет қарауына жіберілді», – деп хабарлады Елдос Рамазанов.

Аталған бағдарламада субсидиялау толық көлемде қарастырылған.

«Өз кезегінде бизнес толық көлемдегі субсидиялауға қол жеткізсе, қызмет көрсетуді бақылау бойынша заманауи ақпараттық жүйелерді қондыруға, қаржы ағымдарды ашықтығын, жергілікті қамтуды «байланысқан» субсидиялар арқылы  ұлғайтуды қамтамасыз етуге дайын. Мұндай механизм мыңдаған жаңа жұмыс орындарын, миллиардтаған салық төлемдерін және қауіпсіздікті қамтамасыз етеді. Айта кетейін, тасымалдау саласында электронды билет беру (Алматы, Астана, Қарағанды қалалары), GPS трекерлер (өңірлердің басым бөлігінде) тәжірибесі өз жемісін беріп, қаржылық ашықтық пен жолаушыларға сапалы қызмет көрсетуді қамтамасыз етіп отыр. Жалпы «Атамекен» автокөлік дамуы бойынша өз алдына бөлек мемлекеттік бағдарламаны әзірлеу қажет деп санайды, осылайша салаға дұрыс, сапалы, тағы қайталап айтам, қауіпсіз жетілудің әсері беріледі», – деді Басқарма Төрағасының орынбасары.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер