«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Мемлекеттік қызметті оңтайландыру – күн тәртібіндегі мәселе

2018 жылғы 22 Ақпан
- Батыс Қазақстан облысы
6384 просмотров

«Атамекен» Өңірлік кәсіпкерлер палатасы алаңында ҚР Инвестициялар және даму министрлігімен ұсынылып отырған мемлекеттік қызметті оңтайландыру жайында талқылау өтті

 Бұл кездесуде айтылғандай оңтайландыру үдерісі кезінде қызмет көрсету мерзімдерді қысқарту және қызметті алудағы құжаттар тізіміні азайтуды ескеру жөн. Қызмет алушыларға мемлекеттік қызмет түрлерін алудағы мерзімдер мен құжаттарды оңтайландыру бойынша ұсыныстар мен ескертпелерді айту ұсынылды.  

 «ҚР Инвестициялар және даму министрлігі 141 мемлекеттік қызметті ұсынады. Бүгінде аталған ведомство бұл қызметтерге реинжиниринг жүргізбек: мерзімдерді қысқарту, құжаттарды азайту, қызмет түрін порталға ауыстыру. Сонымен қатар министрлік кейбір қызмет түрлерін алып тастауды  көздейді, өйткені оларға сұраныс жоқ, нарық оларсыз жұмыс істеп отыр. Осы ретте Министрлік Ұлттық палатамен бірлесіп талдау жүргізді, нәтижесінде бірнеше қызмет түрі бәсекелік ортаға беріледі деп қарастырылуда», – деді БҚО Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Марат Нұрғуатов.

 Кездесуге келген «KREISS ASIA», «Гидроприбор» сынды компаниялар жеке сұрақтарын қоюға мүмкіндік алды. Олардың сауалдары тіркеліп, кейін Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп шешілетін болады. Жалпы оңтайландыру үдерісіне кәсіпкерлер оң қарайды, өйткені мұндай шара нарық үшін қажет.

 Кезедсу ұйымдастырушалырының айтуынша бәсекеге берліген қызметтер мемлекеттік қызметтер саласында ашықтықты қамтамасызщ етіп, кәсіпкерлердің инфокоммуникациялық инфрақұрылымға қолдары жетеді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер