«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Астанада шетелдік инвесторлардың халықаралық форумы өтеді

2018 жылғы 06 Сәуір
4745 просмотров

11 сәуір күні «Қазақстан Республикасындағы бизнес ахуал: инвестициялық омбудсмен институты мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл механизмдері» тақырыбында шетелдік инфесторлардың Халықаралық форумы өтпек

Форумға ресми тұлғалар, ұлттық және шетелдік инвесторлар, дипломатиялық қызмет, халықаралық ұйымдар, зерттеу орталықтары мен іскер орта өкілдері қатысады.

Өтетін орны: Астана қаласы, Қонаев көшесі 6, «RixosPresident» кешені, «Жерұйық» мәжіліс залы, сағат: 14:00.

«Transparency International» Сыбайлас жемқорлықты түйсіну индексіне сәйкес 2017 жылы Қазақстан 31 балл жинап, 122 орында тұрақтаған. Осылайша 2016 жылмен салыстырғанда еліміз көрсеткішін екі балға арттырып, 9 сатыға көтерілген. Қазақстан аталған рейтингке 1999 жылдан бері қатысып келеді және алғаш рет жақсы нәтижеге қол жеткізіп, ең жемқор мемлекеттер қатарынан шығып, 30 балды құрайтын шекті мәнді асыра алған.

 Қазақстанда инвестициялық ахуалды жақсартуда бірқатар шаралар қолға алынған: ұлттық әрі шетелдік инвесторлар үшін бизнесті қолайлы жүргізуге жағдай жасалып келеді. Осы ретте биылғы жылдың басынан бастап ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бернеше ұйымдармен кездесу ұйымдастырды. Оларды өткізу барысында Қазақстанда жұмыс істеп жатқан шетелдік инвесторларда туындаған мәселелер, оның ішінде сыбайлас жемқорлықты алдын алудағы түсіндірме жұмыстарының жоқтығы талқыланды.

Жоғарыда айтылған мәселелерді ескере отырып және инвестициялық ахуал саласында сыбайлас жемқорлық салдарын жою мақсатында ұйымдастырылатын шараға қатысу мүмкіндігін қарастырып, қатысу үшін мына  сілтеме арқылы тіркелуді сұраймыз.

 Толық ақпарат алу үшін мына телефон нөміріне қоңырау шалуға болады: Айнұр Әнесова, тел.: +7 7172 279054 (227), email: a.anessova@palata.kz

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер