«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Батыс Қазақстанда бизнестің 77 нысаны өрт қауіпсіздігіне тексеріледі

2018 жылғы 13 Сәуір
- Батыс Қазақстан облысы
5623 просмотров

Ресейдің Кемерево қаласындағы қайғылы оқиғадан соң Қазақстанда көпшілік жиналатын орындарды жоспардан тыс тексеру басталды. Батыс Қазақстан облысында 55 сауда нысандары мен 22 мектепке дейінгі мекемелер тексеру тізіміне енгізілді.

Бүгінде 7 сауда­-ойын-сауық орталығы мен сауда үйі тексерілді. Жалпы кәсіпкерлер тексеруге түсіністікпен қарап, талаптарды орындап отыр, бірақ барлық жердегі тәртіп бұзушылық ұқсас.

«Оған автоматты өрт сөндіру құралына қызмет көрсету  кіреді. Бұл қызмет түрі лицензияланбаған. Білікті қызметкерлер болса, мұндай жұмыстарды өзі жүргізе алады. Мүмкіндік болса қандайда бір мекемемен келісімшартқа отырып,орындалуын талап етуге болады. Қызмет көрсету жай ғана қарап шығумен аяқталмайды. Техникалық эксплуатациялық құжаттама жүргізілуі керек, қызметкерлерді оқытып, аталған жұмысты жетілдіруге қатысты талаптарды қою керек. Қаражатқа өрт-техникалық қауіпсіздігінен өткені туралы қағаз беретін мекмелер бар екенін жасырын емес. Жұмысшылар толық курсты, оның ішінде тәжірибеден өтуін талап ету кәсіпкердің мүддесінде. Күзет фирмалары да білікті қызметкерлермен қамтамасыз етуі қажет. Эвакуация жолдарының жабылауына қатысты ескерту өте көп. Онда сауда сөрелері ғана емес, тоңазытқыш, басқа да жабдықтар тұр. Техникалық бөлмелерді жинастыру керек. Әдетте дәл сол жерден өрт шығады. Онда электр пеші, бұзылған тоқ көзі болмауы тиіс», – деп хабарлады облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Ерлан Төрегелдиев.

Мектепке дейінгі білім беру мекемелеріне келер болсақ, коттедже де орналасқан ұйымдарға ерекше назар аударылады, себебі бұл ғимарат әуел баста балабақшаға арналып салынбаған.

«Талапқа сәйкес әрбір жатын бөлмесінде 2 эвакуациялық есік болу керек. Оның үстіне онда баспалдақ ағаштан жасалған, эвакуациялау жолы жанатын материалдан болмауы тиіс», – деді департамент басшысы.

Нысандардың сырты туралы айтар болсақ, көбіне алюкобонд пайдаланылған. Жөндеу жұмыстарында осы жанатын материалды ауыстыру тапсырылды. Әзірге тексеру парақтарында алюкобондқа қатысты талап қойылмаған.

«Біз жоспардан тыс тексеру жасадық. Ұсақ-түйектер анықталды, қазіргі таңда олар жойылды. Өрт сөндіру жүйесі жұмыс істеп тұр. Мұны тексерушілер де, қоғамдық өкілдер де атады. «City Center» келушілер үшін қауіпсіз. Бізде әрбір қабатта әр 50 метр сайын күзет қызметкерлері бар. Кез келген адам сұраса, олар эвакуацияны түсіндіріп береді. Демалыс күндері орташа есеппен 8 мың адам келеді. Қауырт уақытта 15 мыңға дейін жетеді», - деп хабарлады «City Center» орталығының әкімшісі Лариса Туктамышева.

«Кәсіпкерлер жұмысты күшейтулері керек. Бұл кездесуді арнайы ұйымдастырдық. Пікірлер ашық айтылды. Батыс Қазақстан облысы кәсіпкерлер палатасының өкілдері мен Кәсіпкерлердің құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл кеңесінің өкілдері ретінде бизнестің мүддесін қорғаймыз. Екінші ұстанымымыз – көпшілік жиналатын орындарда қауіпсіздік сақталуы керек. Тексеру барысында сыбайластыққа жол бермеу керек. Мұны Агенттікпен бірлесіп бақылауға аламыз. Тексеру нысандарда қандай түйткілдер бар екенін көрсетеді», - деді Батыс Қазақстан облысы кәсіпкерлер палатасы директорының құқықтық мәселелер жөніндегі директоры Нұржан Мақсұтов.

Өрт қауіпсіздігі саласындағы жоспардан тыс тексеру ашық жүргізілуде. Қоғамдық және БАҚ өкілдері бақылаушы ретінде қатыса алады. Кәсіпкер оларды қатысуына тосқауыл болмайды және мұндай жағдай әзірге орын алмаған. Аралық нәтижелер Төтенше жағдайлар жөніндегі комитеттің сайтында жарияланады. Нысандарды тексеру сәуір айының соңында аяқталады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер