«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Қуат беретін сусындар айтарлықтай қауіпті емес: тұтынушы өз таңдауын жасау қажет

2018 жылғы 13 Сәуір
11694 просмотров

Дөңгелек үстел барысында Қазақстанда алкогольсіз қуат беретін тауарларды қолдану мәселесі қатысты аталған сусындардың сатылуын реттеу бастамасын ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Сәкен Қаныбеков көтерді

«Біз Қазақстанда қуат беретін сусындарды сатуға тыйым салу мақсатын көздемейміз. Қазіргі күні тіпті әуежайларда ақшаны салып, сусынды алатын автоматтар тұр. Мен балаларға қуат беретін сусындарды беруді қолдамайтын адамдар қатарынанмын. Олар болса, қазіргі уақытта қуат алу үшін бір құтысын ішіп алу тұрмақ түгілі көбіне 2-3-еуін ішіп қана қоймай, жасөспірімдер осындай қуат беру сусынын алкогольмен араластыратындығы бар», – деді Сәкен Қаныбеков.

Оның айтуынша қазіргі күні тіпті такси жүргізуші және алысқа қатынайтын жүргізушілер аталмыш сусындарды орам-орамдармен сатып алады. 2013 жылы мәдени-көпшілік іс-шараларды өткізу барысында, оқу орындарында жеңіл алкогольді және қуат беретін сусындарға тыйым салынды. Парламент бұл мәселені ұзақ уақыт бойы интернетте бақылау барысында әлеуметтік желілердің қолданушыларының 70% қуат беретін сусындарға қарсы пікір білдіруде.

«Орын алған орын алған жағдай алаңдатады. Нарық қатысушылары тең дәрежеде жұмыс жасамаған уақытта бизнестегі кәсіптің дамуы жайында қалаша айта аламыз. Біз халықаралық сауда ұйымының талаптарын қабылдадық. Біз Еуразиялық экономикалық одақ аумағында біріңғай экономикалық аймақта жұмыс жүргізіп жатқан жайымызбенен жалпы айтқанда шекара жоқ деп айтсақ болады. «Атамекен» жалпы шектеу қою бастамасының өзіне емес, қазіргі таңда бастама бойынша белгілі бір мемлекеттік орган бойынша өздері жөн деп санайтын шектеу қою мүмкіндігіне ашулымыз. Жалпы мәселеге халықаралық сауда тұрғысынан қарай қажет», – деді «Атамекен» ҚР ҰКП аграрлық өнеркәсіп кешені мен тамақ өнеркәсібі департаментінің директоры Ербол Есенеев.

Негізсіз тұжырымдама беретін интернет тұтынушыларды теріс түсінік қалыптастыруға итермелеуі мүмкін екендігін отырысқа қатысушылар атап өтті. Қазіргі уақытта қуат беретін сусындар әлемнің 170 астам елінде қолданыста, себебі әлем бойынша денсаулық сақтау мекемелері олардың қауіпсіздігін растады.

«Қуат беретін сусындар мен үйде әзірленген бір шыны кофе немесе апельсин шырыны құрамындағы қант мөлшерімен шамалас келеді, ол 250 мл-ге 80 мг. Соңғы Соңғы 30 жылда қуат беретін сусындардың танымалдылығы артып, енді оларды дүниежүзі бойынша қолданады. Танымалдылығына қарамастан қуат беретін сусындар жалпы көрсеткіш құрамында шамалы орын алып, алкогольсіз сусындар нарығының тек 1% құрайды», – деді ғылымның жаһандық мәселелері,  ғылыми мәселелерді реттеу, үкіметпен мәселелерді реттеу және қоғаммен байланыс бойынша менеджер Маркус Хартвич (Австрия).

Кефеиннің басым бөлігін адамдар кофе және шәйдан алады. Медицина ғылымдарының докторы, Ресей Федерациясынан келген Роман Ханферьянның айтуынша қуат беретін сусындардың құрамына кіретін компоненттер бір-бірімен және басқа өнімдермен зиянсыз үйлеседі.

Кәсіпкерлердің айтуынша 2015 жылы енгізілген тыйым ғылыми негізделбеген және мәселеге тым көп көңіл бөлінетінді. Кәсіпкерлер рухани тәртібиеге назар аударуды ұсынды.Сонымен қатар, Қоғамдық денсаулықты қорғау комитетінің бақылау басқармасы алкогольсіз өнімнің барлығын ай сайын қауіпті заттар мен заңбызушылықтарды анықтау үшін тексерістен өткізеді.

«Сусындардың құрамдарында ешқандай заңбұзушылықтар орын алмаған. Тауар таңбалау тәртібіне сәйкес келмейтін жалғыз мәселемен ұшырысады. Бұл мәселеден сатылымдар бойынша түбегейлі шаралар қолданылмайды, себебі қолдану барысында теріс көріністер орын алған жоқ», – деді ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулықты қорғау комитетінің Техникалық регламентті бақылау басқармасының басшысы Әйгерім Садубаева.

«Атамекен» кәсіпкерлермен бірлесе аталмыш мәселе бойынша өзінің ұстанымына нық сенімді екендігін айтты. Себебі тыйым салу енгізілген уақытта, бұл белгілі бір компанияларға қарсы емес, жалпы бизнеске қарсы әрекеттер болып табылады.

«Қазіргі уақытта 10 жыл бұрын болған Қазақстан емес. Біз әлемдік нарық мүшесі ретінде контрагенттеріміздің талаптарына сай болуымыз қажет. Қауіпсіздік мәселесі бойынша тамақтану мәдениетін танытуымыз қажет. Мәселен, еттің белгілі бір мөлшері де қауіпті болуы мүмкін және нәтижесінде оның зардаптары болады. Біз тауарларды өндіруді шектемейміз. Тұтынушы өз таңдауын өзі жасайтындай жағдай жасауымыз керек», – деді Ербол Есенеев.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер