«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Шаруа экологиялық таза өнім шығарып отыр

2018 жылғы 20 Сәуір
- Ақтөбе облысы
7758 просмотров

Жылыжайда өсірілген қияр мен қызанақтар тікелей Ақтөбе дүкендері мен базарларына жол тартады. Тұрғындарды экологиялық таза өніммен «Жаңақоныс» шаруа қожалығы қамтып отыр. Қазіргі таңда қияр пісуінің бірінші кезеңі жүріп жатыр. Өнімді өткізу үшін жаңа бағыттарды игеруге Өңірлік кәсіпкерлер палатасы көмектеспек.

ӨКП Агроөнеркәсіп кешені бөлімінің сарапшылары «Жаңақоныс» шаруа қожалығы кешенінде болды. Онда әрқайсысы 400 шаршы метрді құрайтын 50 шағын жылыжай салынған!  

Барлығы қозғалыста, айнала көктеп, гүлдеп тұр. Жылыжайда негізінен қияр мен қызанақ өсіріледі. Соңғы уақытта шаруашылық түрлі сұрыпта гүл өсіруді де қолға алған.  Көшет отырғызуға бірнеше жылыжай бөлінген. Онда желдету, суару, жарықтандыру мен жылыту жүйелері орнатылған. Мұнда тұқымнан көшет өсіру үдерісі жүреді. Содан кейн көшеттер жеміс пісіуі үшін басқа блоктарға көшіріледі. Қазір піскен қиярды жинау науқаны жүруде.

«Агрономдық жұмыстармен жылыжай шаруашылығында тәжірибесі бар өзге өңірден келген маман айланысып жатыр. Ал өңірге қажетті осы кәсіпті әке мен бала – Болат пен Әнуар Отарбаевтар қолға алған.  

ЭЕМ инженері болған Болат Отарбаев шаруа саласын таңдап, бүгінде шаруа қожалығын басқарып отыр.

 «Бір күні «Қазақстанда жасалған» деген маркада өнім шығарып, жеке өндіріс ашуды ойладым. Мақсатқа 2011 жылы жеттім, маған қарыз болғандар төлемді жер учаскісімен қайтарды. Мен Жаңақоныс ауылы жанынан шаруа қожалығын жүргізуге 5 гектар жер алдым. Көкөніс өсіруге бел будым. Қажетт білім болмаған соң қиындықтар орын алды. Көмекке интернет пен мамандар кеңесі келді», – деді шаруа қожалығы бастығы.

 Бірінші жылдың өзінде-ақ кәсіпкер қызылша мен сәбіз өсіріп, жақсы өнім алған. Қызанақ пен қиырды тонналап жинаған. Барлық жиналған өнім базарларға өткізілді. Біраз уақыт өткен соң кәсіпкер жылыжай шаруашылығын қолға алмақ болады. Дәл осы уақытта «Қаз Агро» арқылы жылыжай шаруашылығын салу бойынша бағдарлама жүзеге асып жатқан болатын. Осындай бір жылыжайды Болат Отарбаев жалға алды. Өнім жылына екі рет алынып отыр, ендігі кезекте кешенді кеңейтіп, жаңарту жұмысы тұр.

 Әке кәсібіне баласы Әнуар қолқабыс көрсетуде. Ол өзінің негізгі мамандығы ІТ-саласынан кетіп, толығымен отбасы бизнесін дамытуға кіріскен. Ұлының экономикалық білімі өндірісте жақсы көмек болып отыр  дейді мақтанышпен әкесі.  Қазіргі таңда Әнуар Болатұлы «Органика» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперациясының басшысы болып, Миакро технологиясы бойынша қоян өсірумен айналысады. Аталған миниферма жылыжай маңындағы бос учаскіде орналасқан. Бастапқыда «Белый великан» және «Серый великан»  тұқымды 2 аталық, 10 аналық қояннан басталған шаруашылықта бүгінде 450 қоян бар.

 «Қояндардан шығатын қалдық көкөніс үшін таптырмас тыңайтқыш. Арнайы компастық орлар бар. Ал қоян еті сүтті жасында вакуумды қаптамада сатылады. Қазіргі таңда қоян етін жеткізу үшін өңірдің фитнес орталықтары мен денсаулық сақтау мекемелерісен келіссөздер жүріп жатыр», – деді Әнуар Отарбаев.  

Өз өінімін таратуда Әнуар Instagram желісінде @kroliki_vaktobe атты парақша ашқан. Сонымен қатар жергілікті базар мен дүкендерге жеткізу бойынша нүктелері бар.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер