«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

«Бастау» түлегі шағын май зауытын ашты

2018 жылғы 10 Мамыр
- Батыс Қазақстан облысы
6875 просмотров

Сабырғали Сисенов осыдан быр жыл бұрын ресми түрде жұмыссыздар қатарында болған. Ал бүгінде оның жеке кәсібі бар. Достық-Зеленовский ауданы тұрғыны көп жылдар бойы шекілдеуікті алып-сату арқылы табыс тауып келген. Осы ретте шағын май зауытын ашуды ойламаған.

Отбасылық бизнесті бастауда Өңірлік кәсіпкерлер палатасы қолдау көрсетті. Былтыр Сабырғали Сисенов «Бастау» бойынша оқудан өтті.

Бизнес-тренер Қуаныш Ерниязовтың жетекшілігімен кәсіпкер бизнес-жоспар құрып, қажетті құжаттар топтамасын жинады. 2017-2021 жылдарға арналған «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы аясында ауыл тұрғыны жеңілдетілген несие бойынша 3 миллион 400 мың теңге қаражат алды.

 Несие қаражатына «Бастаудың» түлегі сағатына 150 литр май өндіретін май сығымдауышын және күнбағыс дәнін іріктейтін жабдықты сатып алады. Кәсіпкер өз қаражаты есебінен 6 соттық жерде құрылыс салып, биыл қаңтар айында қалдықсыз өнім шығаратын өндірісті іске қосты. Ірі шекілдеуіктер қуырылады, майдалары – рафинадталмаған май өндіруге кетеді, бұл майды кәсіпкер Оралдың ірі базарларына көтерме бағамен өткізеді.

 Өндірістен қалған жомды өткізуде қиындық жоқ, оны жергілікті фермерлер сатып алады. Шикізатты кәсіпкер Қазақстан территориясынан да, Ресейден де сатып алады.

Мұндай мысалдар Батыс Қазақстан облысы бойынша көп. Былтыр «Бастау» бағдарламасы бойынша 5 ауданда 938 жұмыссыз бен өзін-өзі жұмыспен қамтығандар оқытылды. Оның ішінде 135 адам жеңілдетілген қаржы алып, жеке кәсіпкерлер ретінде кәсіп ашты. Бастапқы кезеңде олар 195 жаңа жұмыс орындарын ашты. Биыл «Бастау» барлық 12 ауданда және Ақсай қаласында өтеді. Жоспар бойынша 2000 адам оқуға қатысады.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер