«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Тауардың шығу тегі сертификаттары электронды форматқа ауысады

2018 жылғы 15 Мамыр
14062 просмотров

ҚР Үкіметі мен «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының бірлескен жұмысы нәтижесінде отандық тауарды әлем нарықтарына экспорттау құралдарын дамыту, іскерлік және инвестициялық ахуалды жақсарту, кедергілерді азайту, қазақстандық тауар экспортын жеңілдету бойынша ауқымды жұмыс жүргізілуде.

«Кәсіпкерлікке қолайлы жағдай жасау мақсатында «Атамекен» сертификаттаудың электронды жүйесін әзірлеуді аяқтады», – деп хабарлады ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Қуаныш Бишімов.

Сертификаттаудың электронды форматына көшу бизнес субъектілеріне түсетін ауыртпалықты азайтады, сертификаттаудың барлық процедураларын қадағалауға мүмкіндік беріп, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, шығу тегі сертификатын алу бойынша барлық үдерісті онтайландырып, тиімділігін арттырады.

 «21 мамырдан бастап сертификаттаудың электронды жүйесін экспорттау бағыты бойынша шығу тегі сертификаттарын берудің бизнес-үдерістерін кеңінен апробациялау үшін пилоттық режимде іске қосамыз. Сонымен қатар ішкі қолдануға «СТ-KZ» формасындағы сертификаттар бойынша да іске қосылады», – деді Басқарма мүшесі.

Сертификатты және құжаттар топтамасын электронды түрде алу үшін өтінімді онлайн режимінде беруге болады. Енді қағаз түріндегі құжаттарды алып, Кәсіпкерлер палатасына барудың қажеті болмай, рәсімдеуді қашықтықтан орындауға мүмкіндік бар.

Өтінім беру үшін https://doc24.kz/ сайтында тіркеліп,  немесе Ұлттық палата http://atameken.kz/ru/services/5-sertifikaciya сайтында  «Сертификаттау» сервисін таңдау керек.

Осыйлайша өтінім беруші пилоттық режим іске қосылғанда Палата кеңсесіне екі рет келудің орнына (қағаз түрінде өтінім беру және дайын сертификатты алу үшін) сертификатты алуға ғана келеді.

Бұған қоса ҚР Заңнамасына сәйкес өзгертулерді енгізу жұмысы да жүргізіліп жатыр. Өзгертулер енгізілген соң тауардың шығу тегі бойынша сертификаттауда электронды құжат айналымға толықтай көшуге мүмкіндік болады.

 Сұрақтар туындаса мына телефон арқылы: +7 (7172) 919-359 немесе  электронды мекенжайға i.sert@atameken.kz хат жолдап, ақпарат алуға болады.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер