«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Оралда жыл басынан бері 820 сервистік қызмет көрсетілді

2018 жылғы 22 Мамыр
- Батыс Қазақстан облысы
5504 просмотров

Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының жұмыс істегеніне – 5 жыл

Былтыр «Смарт-сити» жобасы жүзеге асырылғандықтан Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы, Халыққа қызмет көрсету орталығы және Құқық қорқау қызметінің орталығы бір ғимаратта орналастырылды. Бұл келушілер үшін өте ыңғайлы әрі «бір терезе» қағидатымен қызмет көрсетеді.

Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында 8 кеңес беруші маман жұмыс істейді. Әлеуетті, кәсібін енді қолға алған және бизнеспен айналысатын жандар, шағын және орта бизнес субъектілері мемлекеттік бағдарламалар арқылы қолдау шаралары туралы ақпарат ала алады. Сонымен қатар мемлекеттік-жекеменшік әріптестік, кеден процедуралары, салық секілді бағыттарда да кеңес беріледі. Ең көп сұраныста – бухгалтерлік қызмет. Жыл басынан бері көрсетілген қызметтің жартысынан көбі осы бағытта болған.

«Негізінен кәсібін енді ашқандар жиі жүгінеді. Халыққа қызмет көрсету орталығында тіркеуден өткен соң, бірден бізге келеді. Салық режимінің қай түрін таңдау керектігін, бизнеске қандай салық салынатынын, есеп дайындау және оның мерзімі туралы ақпарат алады. Келушілердің көбі қызметтің қай түрін таңдау керектігін сұрайды», – дейді Батыс Қазақстан облысы кәсіпкерлер палатасының кеңесшісі Ержан Даришев.

Сонымен қатар заңгерлік қызмет, маркетолог кеңесі, мемлекеттік сатып алулар, IT-технологияларға қатысты та сұраулар көп.

«Электронды шот-фактураларды жүргізуге қатысты жүгіндім, себебі тапсырыс берушілер осындай түрде тапсыруды сұраған. Көмек көрсетті, бағдарламаны пайдалануды, шотты дұрыс беруді үйретті. Бұл бағдарламаны мемлекеттік мекемелердің ішінде сатып алулармен айналысатындары жиі қолданады. Біз жүк тасымалдау саласында жұмыс істейміз. Жақында аштық, сондықтан осы кеңес қажет еді. Орталықтың бары қуантады», – деп атап өтті «Наз» ЖК басшысы Динара Әубәкірова.

 

«Көптеген кәсіпкер мемлекеттік порталдарды қолдануды, цифрлық қолтаңбаны пайдалануды білмейді, Олардың компьютерлерін реттеп, электронды шот-фактура жіберуді түсіндіреміз, салық есебін, статистикалық есепті үйретеміз. Кәсіпкерлерге арнап сайта та жасаймыз. Айына 20-ға жуық адам келеді. Одан соң жыл соңына дейін тұрақты түрде келіп тұрады», – деп түсіндірді ақпараттық технологиялар бойынша қызмет көрсетудің менеджері Даниил Трифонов.

Жыл басынан бері Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығына шағын және ортасы бизнестің 724 субъектісі жүгінген. Сонымен қатар Батыс Қазақстан облысының барлық ауданында Кәсіпкерлерді қолдау орталықтары жұмыс істейді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер