«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Мемлекеттік-жекеменшік әріптестіктегі кедергілер анықталды

2018 жылғы 04 Маусым
- Батыс Қазақстан облысы
7152 просмотров

МЖӘ жобалары дамуына не кедергі? Қандай тосқауылдарды алып тастау керек? Осы және өзге де сұрақтар Батыс Қазақстан облысы кәсіпкерлер палатасының Өңірлік кеңесі отырысында талқыланды.

Бүгінде елімізде 103,9 млрд теңге сомасында МЖӘ бойынша 206 шарт іске асып жатыр. Оның ішінде Батыс Қазақстан облысына жалпы сомасы 2,4 млрд теңгені құрайтын небәрі 3 жоба тиесілі. Анық болғандай, осындай жағдайдың себебі жер заңнамасындағы түйткілдерге, атап айтқанда әлеуетті жекеменшік серіктестерге жер учаскілерін беру тәртібі қарастырылмағаны болып отыр. Сонымен қатар институционалдық МЖӘ жобаларын жоспарлау мен іске асырудың түсінікті тәртібі қалыптаспаған. Көп жағдай жекеменшік әріптесте кепілзаттты қамтамасыз ету жоқ, жеңілдетілген несие беру де қарастырылмаған.

«Егер баламалы ұсыныстар болған жағдайда ары қарай қарастыру және шешім қабылдаудың тәртібі бекітілмеген. Осы жайт жеке қаржы бастамасы туралы мәселені қарастыру және шешуде мемлекеттік орган үшін қиындық тудырады. Нәтижесінде уақыт жоғалтып отырмыз. Мәселен, зияткерлік қиылыс жүйесі бойынша жол жүру саласында бейне камераларды орнатуға қатысты бір жобаны іске асыру созылып кетті. Онда екі баламалаы ұсыныс болды. Сондықтан мемлекеттік орган өзінің құжаттарын әзірлеуді және ары қарай байқау процедуралын жүргізуге мәжбүр болды. Аталған жоба 1,5 жыл бойы қаралымда жатыр. Бірнеше рет түзетулер жасалды», – деді «СПК Орал»  ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Артур Досқалиев.

 Түйткілді мәселелер арасында мыныдай мәселе – Орал қаласының салалары мен аудандарында орта және ұзақ мерзімді перспективада ұсынылатын МЖӘ жобаларының тізбесі жоқ.

Айта кетелік, мемлекеттік-жекеменшік процедураларды оңтайландыру, барынша қысқарту жұмысы айтарлықтай нәтиже бермеді де өткен жылы жасалынған жобаларды жүзеге асырудың уақытылы болуына теріс әсер етті. Оларға түзету жасау кереп болып, және қолданыстағы талаптарға сәйкес келтіруге тура келді.

 «Осы бағдарламаның операторы – «СПК Орал» ҰК» АҚ мәселені көтеріп отырғаны қуантады. Мәселелер 80% заңнамаға қатысты болып отыр. Осы тақырыптарды практикалық мәнерге салғымыз келеді, яғни өңірлік деңгейде шешуге бола ма соны анықтау үшін тырысып жатырмыз. МЖӘ жобалары қолға алынған жерде процедураларды азайту керек, сол механизмді қолданған жөн. Ары қарай – ол МЖӘ келешектігі.  Ақыры облысымыз осы бағытта соңғы орында екен, осында сұрақ туындайды: неге алға қарай жылжу жоқ? Кәсіпкерлерге арнап МЖӘ бойынша тақырып тізбегін құруды «Атамекен», «СПК Орал», «Даму» қорымен бірлесіп жасау керек.  Осылайша мемлекеттің де, кәсіпкердің де мүддесі ескеріледі. Шенеуніктерден МЖӘ бойынша ұсыныстарды күтпеу керек. Бұл бастаманы Палата көтеруі керек», – деді БҚО ӨКП Өңірлік кеңестің төрағасы Хацдар Қапанов.

 Сонымен қатар жиын барысында көпқабатты тұрғын үйлерді салуда бірінші қабатты әлеуметтік объектілері үшін бизнеске беру бойынша пилоттық жобалар ұсынылды. Бұл мәселе туралы «Атамекен» басшысы Тимур Құлыбаев Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келгенде көтерген болатын.

 Жиынды қорытындылай келе қатысушылар бір шешімге келді – Өңірлік кеңес жанынан «СПК Орал» және «Даму» қорымен бірігіп, МЖӘ бойынша жұмыс тобын құру керек. Сондай-ақ,  жергілікті әкімдікке БҚО Комиссиясы әзірлеген 2025 жылға қарай МЖӘ бойынша тартымды жобалар мен бағыттардың тізбесін БҚО өңірлік даму бағдарламасына енгізуді ұсыну.

 Жалпы Батыс Қазақстан облысында сомасы 12,7 млрд теңгені құрайтын 14 МЖӘ жобасы жүзеге асырылып жатыр. Олар білім беру (4 231 млн теңгені құрайтын 7 жоба), денсаулық сақтау (2 442 млн теңгені құрайтын 3 жоба), спорт, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздік (1 жобадан) салалары.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер