«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Тимур Құлыбаев: Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу ерте

2018 жылғы 08 Маусым
13840 просмотров

«Атамекен» ҚР ҰКП Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаев денсаулық сақтау жүйесі де, кәсіпкерлік орта да міндетті медициналық сақтандыруды енгізуге дайын еместігіне сенімді. Өз ұстанымын ҚР Парламенті Мәжілісінің отырысында білдірді

«Бiз қанша адам зейнетақы жарна төлейтiнiн тексердiк. Еңбекке қабiлеттi 9 миллион азаматтың 5,6 миллионы жылына бiр рет болсын жарна төлейдi екен. Ал 12 ай бойы 1 млн 400 мың адам ғана төлейдi. Яғни, адал жұмыс жасап, жалақы мен зейнетақы жарналарын төлейтiн адамдар мен кәсiпорындарға бiз тағы салмақ салып отырмыз. Нақтыласақ, ендi осы 1 млн 400 мың адам Мiндеттi әлеуметтiк медициналық сақтандыру жарналарын төлейтiн болады. Басқалары төлей де алмайды. Бiз бұны көрiп отырмыз. Сәйкесiнше, кәсiпорындардың еңбекақы төлеу қорына түсетiн салмақ 44%-ды құрайды. Бұл тым көп. Бұл бәсекелестiкке кедергi келтiредi. Адамдар көлеңкеге кете бастайды. Яғни, олар қайта «конвертке» көшедi», - дедi Тимур Құлыбаев.

Денсаулық сақтау жүйесі де міндетті медициналық сақтандыруды енгізуге дайын емес.

«Менiң ойымша, Денсаулық сақтау министрлiгi әлi дайын емес. Ең үлкен проблема – бас дәрiгерлер отырған медициналық мекемелерде ақша санай алатын менеджерлердiң жоқтығы. Сондықтан, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесiне бас дәрiгерлердi де дайындау керек. Олар да ақша есептей алуы қажет. Мысалы, адамға алғашқы медициналық қызмет көрсетiледi. Ал міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесiне кiрмейтiн қатты науқас адамға қандай көмек берiледi? Менiң ойымша, бiз осылайша әлеуметтiк наразылыққа тап боламыз. Менiңше, жүйенi бiртiндеп iске қосу керек. Мысалы, жеке кәсiпкерлер мен өзiн-өзi жұмыспен қамтығандар минималды салық төлей бастасын. Бұл жалпы қанша адамның байланыста екенiн, қанша адамның жүйеден тыс қалып қоятынын бiлу үшiн қажет. Одан кейiн ғана жүйенi iске қосу керек. Мысалы, шартты түрде айтсақ, адам жылына 1 мың теңге төлесе, онда оны міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесiне қосамыз және тағы сол сияқты», - дедi Тимур Құлыбаев.

Бірақ, Тимур Құлыбаевтың айтуынша, ең бастысы, резервті Денсаулық сақтау министрлігінің ішінен де табуға болады. Шығынды қайта қарап, оңтайландыру керек. Мұнымен қоса бұл жүйеде басқа да шешілмеген түйткілдер бар екенін еске салды. Атап айтқанда «СК-Фармация» компаниясының сатып алулары бойынша оның басшылары тергеуге алынғанын, олардың бір бөлігі сотталғанын айтты. Дәрі-дәрмек саласында да қаржыландыру мен шығынды оңтайландырып, сыбайлас жемқорлық құрамы мәселесін алып тастау қажет.

«Алдымен денсаулық сақтау жүйесіндегі шығынның тиімділігіне талдау жасайық. Онда резервтер бар. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру арқылы жинағысы келетін ақша – «оң қолмен сол құлақты қасығанмен тең». Негізінен бұл сақтандыру болып саналмайды – жай ғана бүгінгі Денсаулық сақтау министрлігін қаржыландырудың қосымша көзі. Біз сақтандыруға өту туралы айтқанда, онда жедел жәрдемнен басқасы жоқ. Қалғаны адамдардағы сақтандыруға дегені – өздерінің сақтандыруға жинағаны», ­– деп есептейді Ұлттық палата басшысы.

Тимур Құлыбаев маңызды реформаларды қабылдамас бұрын, оның ішінде денсаулық сақтау саласында барлық ерекшелікті, қандайда бір жаңашылдық қатысты болатын салалардың дайындығын ескеріп, барлық қауіпті есептеуді ұсынды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер