«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

IT-компаниялар мектеп оқушыларына ақпараттық технологияларды үйретеді

2018 жылғы 08 Маусым
- Алматы қаласы
6448 просмотров

Әлеуметтік жоба Алматы қаласының кәсіпкерлер палатасы қолдауымен жүзеге аспақ

Оңтүстік астанада орта мектеп оқушыларын ақпараттық технологиялар саласындағы машықтар мен бағдарламалаудың негіздеріне оқытатын болады. Осы жобаны ақпараттық технологиялар саласының ең білікті мамандары қолға алады. Аталмыш ұсыныс Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасы жанындағы ІТ-кеңесі отырысында айтылды.

«Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Осы құжат негізінде мектеп оқушыларын ІТ-технологияларына тегін оқыту мүмкіндігі бар. Осы мақсатты орындауда арнайы жабдықталған кеңсе мен мұғалім бөлінген», – деді  Almaty Tech Cup жетекшісі Василий Печинников.

Өз кезегінде «Кредит24» компаниясының директоры Алексей Сидоров бұл бағытта оқытуды бүкіл тұрғындарға жүргізу қажеттілігін көтерді. Қаржы өнімін әзірлеу мен құру үшін (тиімді несие туралы мобильді қосымша, венчур қоры, инвестициялық мүмкіндіктер), оның ойынша жұмысқа Ұлттық Банкті тарту керек.  

 Кеңес қатысушылары сонымен қатар «Smart City» жобасын дамыту мәселелерін талқылады.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер