«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Танымал кәсіпкерлер «Жобалық оқытуда» сәттілік құпиясымен бөлісті

2018 жылғы 27 Маусым
- Батыс Қазақстан облысы
7046 просмотров

«Жобалық оқытуда» кәсіпкерлер сертификат үшін келмейтіні белгілі болды. Теоретиктер емес, нағыз тәжірибені көргендер, табысты компанияның басшылары бизнес жүргізудің құпияларын баяндады

Бизнес-тренерлер өз тарапынан қызықты спикерлерді шақырып қана қоймай, ерекше күйдің орнауына атсалысады. Нәтижесінде «Жобалық оқытуда» қатысушылар жаңаны үйренгісі келіп, ынталанып тұрады. Айнұр Рахимова бір сабақты қалдырмауға тырысады. Оның отбасылық бизнесі бүтін шыны конструкциясын сатуға құралған.

«Өткен сабақта SMM-маркетингті өттік. Басты орынға әлеуметтік желілердегі жарнама шығады. Мен OLX сайтында жұмыс істеймін, инстаграмды да игердім. Ал фейсбук күрделілеу. Әлеуметтік желіге қосылғаннан сатылым артты. Біз душқа арналған қабырғаларды дайындаймыз. Шыныны Оралдан аламыз, қажетті фурнитура Қытай, Германи, Ресейден жеткізіледі. Бұл кәсіппен айналысқанымызға 3 жыл болды», ­­- дейді «Ильяр» ЖК директоры Айнұр Рахимова.

Кезекті шеберлік сыныбын танымал кәсіпкер Андрей Феклистов өтті. кәсіпкер ынтымақты ұжымды құру, табысқа ынталандыру тақырыбында дәріс оқыды. Өзінің тәжірибесімен бөлісті.

«Маман таңдағанда әңгімелесуге аса мән беру керек. Тестілеу өткізген жөн. Сол сәттен бастап команда құралады. Қызметкерлер мен балалар өтке ұқсас. Сондықтан жұмыс процесін ойын секілді етіп жасау керек, бизнестің өзі ойын секілді. Ынталандыру қаржылай ғана болмау керек. Тапсырма қойып, оның орындалуына қол жеткізу керек. Сәтсіздік – сәттілікке жетудің бір қадамы. Білімді арттыруға тырысу керек», ­- дейді «Строй Сервис Плюс» ЖШС басшысы Андрей Феклистов.

Шеберлік сағатында бизнес-тәлімгерлер нақты жағдайларды қарастырып, мәселені шешудің жолдарын талқылады. Осы курс аясында кәсіпорындарға барып, тәжірибелік сабақ та өткізіледі. «Жобалық оқыту» курсы «Бизнес мектеп» жобаның 3-кезеңі саналады. Биыл Батыс Қазақстанда 65 адам осы курстан өтуі керек. Курс аяқталған соң сертификат беріледі, бұл бизнесті қолдау және дамыту бойынша мемлекеттік бағдарламаларға қатысуға мүмкіндік береді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер