«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Өңірдегі тауар өндірушілер мен «АМК» компаниялар тобы арасындағы серіктестік талқыланды

2018 жылғы 25 Шілде
- Ақтөбе облысы
8467 просмотров

Ақтөбеде «Ақтөбе мыс компаниясы» ЖШС, «Коппер-Технолоджи» ЖШС, «Казгеоруд» ЖШС жергілікті тауар өндірушілерге ашық есік күнін ұйымдастырды. Іс-шаралар аясында тауар өндірушілердің таныстырылымы, сауда-экономикалық қатынастар және өндірушілер мен тұтынушылар арасында ынтымақтастықты дамыту үшін В2В кездесулер  ұйымдастырылды.

Ашық есік күнінің негізгі мақсаты – жергілікті тауар өндірушілерді қолдау, тау-кен секторындағы жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алуларында отандық қамту үлесін арттыру. 

Тауар өндірушілер мен тұтынушылар – мұнай-газ секторындағы кәсіпорындар кешені мен тау-кен өнеркәсібінің өкілдері ерекше қызығушылық танытты.

«АМК» компаниялар тобы облыста кен өндіру мен концетраттар өндірісінде екінші орында. NADLoC мәліметі бойынша 2018 жылдың бірінші тоқсанында «Ақтөбе мыс компаниясы»ЖШС 771,5 млн теңгеге сатып алған, оның ішінде 900 мың теңгеге ғана тауар сатып алынған, ал отандық үлес 0% болған. «Қазгеоруд» ЖШС сатып алулары 1,5 млрд теңге болса, оның ішінде тауар 300 мың теңгеге ғана алынған, отандық үлес - 0%. «Коппер-Текнолоджи» ЖШС 2,9 млрд теңгеге сатып алу ұйымдастырса, 793 млн теңгеге тауар алынған, отандық қамту үлесі 4,6% болған. Жер қойнауын пайдаланушыларда тауар сатып алу барынша азайтылған, негізгі сатып алу жұмыс пен қызметке тиесілі.

Өңірлік кәсіпкерлер палатасының мәліметіне сүйенсек, сатып алуларға жүргізілген талдауға сәйкес 2018 жылдың бірінші жартыжылдығында жергілікті тауар өндірушілерден арнайы киім, қолға 1,3 млн теңгеге алынған («ГлобалСпецодежда» ЖШС, «Электромашсервис Казахстан» ЖШС), Ақтөбе өрт сөндіру жабдығының зауытанан өрт сөндіру құралдары 145 мың теңге алынған. Сонымен қатар «М.Стиль» ЖШС-нан 152,7 мың теңгеге бланкілік өнім алыса, «Алғабас» СҮ 4,6 млн теңгеге өттегі алынған.

Сорғы, сабын, жұмысшыларға беретін сүт, болт, гайка, шайба, әуе сүзгісі және .т. бір қатысушадан, бірақ басқа жақтағы өндірушіден алынған. Бірақ бұл тауар көрсеткіштері Ақтөбе облысында шығарылатынын Өңірлік кәсіпкерлер палатасы директоры орынбасары Жанайым Келбатырова атап өтті.

Бүгінде сатып алынатын өнім қатарынан сатып алулардың жылдық жоспарына сәйкес жергілікті тауар өндірушілер арнайы киім, металды қайта өңдеуден шыққан бұйымдар, манжет, болт, сорғы, манжет, банкілік өнімдерді жеткізе алады.

Жергілікті қамту үлесін мониторингілеу комиссиясының отырысы аясында жер қойнауын пайдаланушылар сатып алуларында «АМК» ЖШС отандық тауар өндірушілердің ұсыныстарын қараған.

Өңірлік кәсіпкерлер палатасының тарапынан да бірқатар ұсыныстар айтылды.

«Өнім сатып алуы негізінен тікелей жер қойнауын пайдаланушымен емес, сервистік компаниялар арқылы жүргізілетіндіктен, СТ-KZ бойынша жергілікті өндірушіден бір қатысушыдан алу мүмкіндігін қарастыруды сұраймыз. Ал кіммен жұмыс істеп жатсаңыздар, сол өндірушімен ұзақ мерзімді келісімшарт жасауды ұсынамыз. Сонымен қатар бүгінгі таныстырған тауар өндірушілермен де сатып алулар жүргізіледі деген үмітіміз бар», - деді өңірлік палатаның басшылық өкілдері.

Мысалы Ақтөбе өрт сөндіру жабдығын шығаратын зауыт елімізде толық өндіріс циклында жұмыс істейтін жалғыз кәсіпорын. 2012 жылы ЭКСТРА-KZ ұнтақ түріндегі өрт сөндіру құралын шығару қолға алынды. ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінде аккредиттеуден өткен. Нағыз отандық сапалы өнімнің бағасы да тиімді. Мемлекеттік мекемелерден бастап, мектеп, балабақша, аурухана, мұнай газ саласындағы компанияларға дейін қолданылады.

«Осы жылдар аралығында өндіріс автоматтандырылып, қалдықсыз циклаға дейін жетті. Біз жеке бұйымдар жасай аламыз. «АМК» ЖШС ішінара жққмыс істеп тұрамыз, арасында тапсырыстар да болады. сатып алудың техникалық сипаттамасын дайындауға қатысқымыз келеді», – деді зауыт директоры Тимур Рабаев, бұл ұсынысты «АМК» басшылығының тарапы қолдады.

Ашық есік күні тапсырыс беруші мен өндіруші арасында ашық пікір алмасу мақсатында ұйымдастырылыған. «АМК» басшылығының айтуынша кез келген кәсіпкер айына екі рет өндіріс орнына келіп, қызметпен танысып, мамандармен сөйлесе алады. Алдын ала хат жолдап, уақыты мен күнін келіссе болғаны. Бұл туралы компания бас директорының орынбасары Анжелика Шипилова түсіндіріп отырды. Өз кезегінде облыс әкімінің орынбасары Қайрат Бекенов «АМК» басшылығына жергілікті тауар өндірушілердің өтінімін бірінші болып назарға алуға ұсыныс айтты. Осылайша отандық өндірісті қолдауға үлес қосады.

Ашық есік күні жергіоікті индустриялық-инновациялық даму басқармасы өңірлік кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп ұйымдастырды. Палата өкілдері, өндірушілер мен жеткізушілер, әкімдік қызметкерлері қатысты.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер