«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

«Қазақстанның үздік тауары» көрме-байқауы қарқын алуда

2018 жылғы 27 Шілде
15420 просмотров

Бүгінде Қазақстан бойынша 12 өңірлік көрме-байқау өтіп, 108 жеңімпаз анықталды.

Қазақстанның 12 өңірінде «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік көрме-байқауының қорытындысы жарияланды. Жуырда Ақмола облысында – 20 шілде, Қызылорда облысында – 4 тамыз, Маңғыстау облысы мен Алматыда 10-12 тамыз күні өңірлік байқау өтеді.

 Жобаның қатысушылары тәжірибесі мол тауар өндірушілер ғана емес, ондай-ақ негізі кеше ғана қаланған кәсіпорындар, олардың өнімі халық арасында жақсы сұраныста. Осы байқау арқылы тауар өндірушілер өздеріне даму бағытында жаңа мүмкіндіктер ашып, өзара іске байланыс орнатып, бәсекеге қабілеттілікті жетілдіре түседі.  

 Бұл өңірлік байқаулар «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-байқауының бірінші кезең болып табылады. Өңірде байқаулар әкімдіктің қатысуымен өтеді. Өңірде жеңіске жеткен кәсіпорындар өз облыстарын «Қазақстанның үздік тауары» республикалық  көрме-байқауында және «Қазақстанда жасалған» көрмеге қатысып, қорғайтын болады. Республикалық байқау Астана қаласында 12-13 қазан күндері өтеді.

Байқаудың өзі 2006 жылы ҚР Президенттің жарлығымен тағайындалып, Қазақстан нарығын жоғары сапалы және бәсекеге қабілетті өніммен толықтыруға жәрдемдесу, отандық тауар өндірушілердің қызметін белсендіру, халық арасында сапа идеясын кеңінен танытуға бағытталып отыр. Осындай жоғары дәрежедегі сыйлықты алуға жыл сайын 200-ге жуық компания үміткер атанады. Сыйлықты жеңімпаздарға  Мемлекет басшысының өзі тапсырады.  

Елордада үздіктерді таңдады

Бүгін, 27 шілде күні Астанада өңірлік жеңімпаздарды марапаттау салтанаты өтті. Байқауға астаналық 72 компания қатысты. «Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар» аталымында – 22 компания, «Халыққа арналған үздік тауар» аталымында – 36 компания, «Үздік азық-түлік тауар» аталымында – 14 компания болды.

Марапаттауға «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма мүшесі, Басқарма Төрағасының орынбасары Елдос Рамазанов, Астана қаласы өңірлік кәсіпкерлер палатасының директоры Ален Түлкібаев, Астана қаласы Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Бағила Бисембаева, сонымен қатар Астана қаласы әкімдігінің Инвестициялар мен кәсіпкерлікті дамыту басқармасы жетекшісінің орынбасары Рысгүл Қауғабаева қатысты.

 Жеңімпаздар диплом, бағалы сыйлықтар мен «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-байқауына қатысуға мүмкіндік алды.

Материалдар мен өнімді бағалау үшін сарапшылық комиссия құрамына Астана қаласы Өңірлік кәсіпкерлер палатасы, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің Астана қаласы қоғамдық денсаулықты қорғау департаменті, Ұлттық сараптау мен сертификаттау орталығы, Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталығының өкілдері, сарапшы-аудиторлар енді.

 Байқау іріктеуі қорытындысы бойынша комиссия 9 жеңімпазды анықтады

 «Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар» аталымында:

  1.  «Эколос Казахстан» ГК
  2. «Selena Insulation» ЖШС
  3. «Kaz Fria Plast» ЖШС

«Халыққа арналған үздік тауар» атылымында:

  1. «KAZARMS» ЖШС
  2. «Ipek Kagit Central Asia» ЖШС
  3.  «Bark Technology» ЖШС

«Үздік азық-түлік тауар» аталымында:

  1. «Мамулины вкусняшки» ЖК
  2.  «Столичный хлеб» ЖШС
  3. «The CHEF delecatessen»  жеңіке жетті.

Ағынды суды тазалау

«Эколос Казахстан» ГК Қазақстан территориясында ағынды суларды тазалау мен ору бойынша кешенді қызметті: жабдықты жобалау мен таңдау, монтаж бен шефмонтаж, іске қосу және жөндеу, тазартатын құралдарға кепілдік пен сервистік қызмет көрсету, аудитін жүргізуде 10 жыл бойы қызмет атқарып келеді. 2015 жылдың маусым айында Астана қаласында ағын суларды тазалау мен соруға арналған жабдықтарды өндіру бойынша ауданы 5 000 шаршы метрді құрайтын толық циклді зауыт іске қосылды. Қызмет атқаруға мүмкіндік беретін сәйкес келу сертификаттары мен лийензиялары алынды, атап айтқанда CT KZ, ISO 9001, «Эколос Қазақстан» компаниясының өндірістік қызметін растайтын сәйкестік туралы декларациясы компанияның ғылыми-техникалық әлеуеті технологиялық күрделі мәселелерді шешуге мүмкіндік береді. Ағын суларды тазалаудың инновациялық әзірлемелері патенттермен қорғалған.   

Көбікті полиуретанның ірі өндірушісі

  «Selena» компаниялар тобы әлем бойынша көбікті полиуретан өндірушілердің үштігіне кіреді. Соңғы 20 жыл ішінде жиналған тәжірибе мен үздік әлемдік практикаларды меңгеру арқылы кәсіпорын халықаралық ұйым ретінде танылған. Компания Польша, Қытай, АҚШ, Бразилия, Ресей сынды өткізу нарықтармен байланыс орнатқан.

  Пластиктен байланыстырушы бөлшектерді жеткізуші

«KazFriaPlast» ЖШС Қазақстан нарығында газбен жабдықтау мен уранды өндіруде пластиктен байланыстырушы бөлшектерді жеткізуші ретінде жұмыс істейді. Нарықта даму мен бейімделу процесінде Астанада өндіріс ашылды, еуропалық жабдық сатып алынды.  Жылдар өте келе өнім асссортименті айтарлықтай ұлғайды – бұл өнеркәсіпке арналған ыдыстар, резервуар, желдеуіштер. Компания қала әкімдігі ұйымдастыратын түрлі әлеуметтік іс-шараларға қатысады, әлеуметтік бағдарланған компанияларға демеушілік  көмек атқарады. Қазіргі таңда компания «ҚазАтомПром» АҚ, «Қазхром», «ҚазТрансГаз» АҚ, «Мелиоратор» АҚ, «ИНКАЙ» ЖШС, «АХУАЛ», «ОДСП Арал», «Газ-Сервис» компанияларына жеткізілімдерді жүзеге асырады.

   Жеке құрышты қорғаныс

 «KAZARMS» ЖШС жеке қорғаныс құралдарын қорғаудың қазақстандық тауар өндірушісі, Қазақстнада алғашқы құрышты шлемдерді  шығарушы кәсіпорын болып табылады. 2015 жылдан бастап «KAZARMS» ЖШС Қазақстанның әскери өнеркәсіптік кешен дамуына қаражат инвестициялап, ҚР қарулы күштеріне өнім жеткізеді. «KAZARMS» ЖШС 2018 жылы ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірігіп,  Қырғызстан мен Тәжікстандағы көрмелерге сәтті қатысты.   

Қағаз өнімінің бірінші бренді

«Ipek Kagit Central Asia» ЖШС 2006 жылы Қазақстан нарығында алғашқы инвестицияларды Алматыда өндірісті іске қосу арқылы жасады, 2016 жылы «Астана арнайы экономикалық аймақ» индустриялық паркі территориясында өндірістік кешен салды. Қазіргі таңда әлімдік брендтермен бәекеге түсе алатындай дәрежеге жетті. Ауқымды ассортимент, керемет сапа мен дәйекті инвестициялар арқылы Selpak бренді гигиеналық қағаз өнімді шығаратын танымал компаниялар арасында сүбелі орынға ие.    

Медициналық жабдық

«BARK Technology» ЖШС нарықта 2011 жылдан бері медициналық техниканы өндіру және жеткізу, жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу, әлеуметтік нысандардың құрылысы және медициналық-профилактикалық мекемелерді медициналық және технологиялық жабдықпен қамтамасыз етумен айналысады. Қазіргі таңда компания «100 мектеп, 100 аурухана» сынды  бағдарламалар аясында көптеген өңірлік және ұлттық жобаларды жүзеге асырды.

Мамулины вкусняшки

«Мамулины вкусняшки» жеке кәсіпкерлігі түрлі зиян қоспаларсыз, таза жартылай дайын өнім шығарумен айналысады. Компания 2016 жылы құрылған, штатта 15 қызметкер. Ассортиментте жартылай дайын өнімнің 50 шақты аталымы бар.   

Етті өнімнің сан алуандығы

«The CHEF delecatessen» сапалы әрі қолжетімді ет өнімін шығарады. Дүкенде түрлі шұжық: Германия оңтүстігінде тұтынатын нюрнберг шұжықтары, жылқы шұжықтары, барлық араб мемлекеттері жақсы көретін қой етінен дайындалатын Мергез шұжықтары, сиыр етінен дайындалатын пепперони, кепкен шұжықтар, т.б. Өндіруші 1977 жылдағы МемСТ бойынша өте сапалы еттен докторлық шұжықты дайындайды.  

 Бизнес нан

«Столичный хлеб» ЖШС нарықта 10 жыл бойына жұмыс істейді. Шығарылатын өнімнің 50 аталымы бар. Қазіргі таңда өндірістік кешен ИСО 9001-2009 (ISO 9001:2008) халықаралық стандарты талап ететін жоғары сапалы өнім шығаруға мүмкіндік беретін REVENT (Чехия), RONDO (Швейцария) сынды жетекші еуорпалық жабдықпен қамтылған. Кәсіпорын Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші бойынша Астананың 50 үздік кәсіпорын қатарына енді. Оған «Сала үздігі» ұлттық сертификаты дәлел. Олар «Парыз-2013» бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі ұлттық байқауының дипломымен, «Қараөткел жәрмеңкесі – 2012» республикалық жәрмеңкесінің дипломымен марапатталған. «Столичный хлеб» ЖШС қайырымдылық шараларына белсенді қатысады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер