«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Қысқа мерзімде кәсіби оқыту: жедел, ыңғайлы, тиімді

2018 жылғы 16 Тамыз
- Батыс Қазақстан облысы
19378 просмотров

Мемлекет есебінен жаңа мамандықты игеру немесе қайта оқу Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы арқылы іске асып отыр. Қайда білім алу және қандай мамандықты таңдау керектігі Жұмыспен қамту орталықтарында түсіндіріледі. Сол жерде жолдама беріліп, жұмысқа орналасуға көмек көрсетіледі.

Қоғамдық тамақтану саласында жұмыс істеуді қалайтындар көп ретте «Аспазшы» оқу орталығын таңдайды. Бір ай бұрын осы оқу орталығына Айман Досқалиева да келген. Оның айтуынша 48 жаста өзіне ұнайтын іспен айналысу кеш емес.

«Сәуірде Жұмыспен қамту орталығына жүгіндім, наубайханашының курсынан өтуге ұсыныс алдым. Пісіруді ұнататындықтан бірден келістім. Оқытушылар өте жақсы. Алдымен теориялық, кейіннен тәжірибелік білім алдық. Тегін оқытты, шәкіртақы берілді. Жұмысты да оңай табам деп ойлаймын», - дейді Айман Досқалиева.

«Аспазшы» оқу орталығы – Батыс Қазақстан облысы кәсіпкерлер палатасының бастамасымен алғаш ашылған орталық. Үш жыл бұрын «Евнеева» ЖК базасында жұмыс бастаған. Бұл кондитерлік цехтың өнімі облысқа кеңінен таралады. «Балзия» сауда маркасы өңірден тыс аймақтара да таныс.

«Біз аспаз, кондитер, наубайханашы, бақылаушы кассир, даяшы, бармендерді дайындаймыз. 2017 жылдан бастап мемлекеттік бағдарламаға қатысып келеміз. Былтыр 70 маманды оқыттық. Қазір орталықта 26 азамат білім алуда. Курс 1 айдан 3 айға дейін созылады. Тәжірибеден кондитерлік цехте және Оралдағы мейрамханалардан өтеді», - дейді оқы орталығының директоры Надежда Сладкова.

«ЮлАнИл» оқу орталығы да 10 жылдан астам уақыт бойы қысқа мерзімде кәсіби оқытумен айналысады. Мемлекеттік бағдарлама аясында қажетті жұмысшы мамандыққа былтырдан бері оқытады.

«Бізде тігу, пішу, 1С-бухгалтерия, классикалық массаж, «Автокад», сметалық іс, кәсіби әлеуметтік жұмысшы және бала күтуші курстары бар. Тәжірибеден облыстағы кәсіпорындардан өтеді. Оқу аяқталғанда сертификат беріледі. Ал жұмысқа орналастырумен Жұмыспен қамту орталықтары айналысады. Бізде тәртіп қатаң, сабақтан қалғандар шығарылады. Биыл 54 адам сертификат алды», - дейді «ЮлАнИл» ЖШС өкілі Гүлзада Нұрекеева.

Бүгінде тігін ісін иегеруге ынталылар көп. Қысқа мерзімдегі курс Әсел Кәрімге бала арманын іске асыру көмектесті.

«Негізгі мамандығым – қаржыгер, ал өзі тіккенді ұнатамын. Бағдалама туралы интернет арқылы білдім. Құжаттарымды өткізгеннен кейін 1 айдан соң хабарласты. Жақсы түсіндіреді. Тігін машинасын қолданбаған мен үшін де оіай болды. Өзіме көйлек тіктім. Пішу, тігуді білемін. Осы курсқа қатысқаныма қуаныштымын. Оқу аяқталғаннан кейін үйде жаттығамын. Туыстарыма тігіп үйренген соң өз ательемді ашқым келеді», - дейді Әсел Кәрім.

Еңбек нарығын жаңғырту – басты міндеттің бірі, сондықтан мамандардың біліктілігін арттыруға басымдық беріледі. Осы мақсатта «Атамекен» ҰКП мемлекеттік органдармен бірлесіп ауықмды жұмысты атқарып отыр.

«2015 жылы өңірлік кәсіпкерлер палатасының бастамасымен «Аспазшы» оқу орталығы мен «Конденсант» АҚ базасында маман дайындау және қайта дайындау орталығы ашылған. Сондай-ақ бірнеше оқу орталықтарымен меморандум жасалды. 2017 жылы мемлекеттік бағдарламаға 8 оқу орталығы қатысып, 1157 азаматты 16 мамандық бойынша дайындады. Биыл 10 оқу орталығы қатысып отыр, оның 7-еуі «Атамекен» тізіліміне енген», - деп хабарлады адами капиталды дамыту бөлімінің басшысы Айгүл Әбілқайырова.

Еңбек нарығында сұранысы жоғары мамандыққа қысқа мерзімде кәсіби дайындау аясында 1500 тұрғынды оқыту жоспарланған. Бүгінде 767 жұмыссыз азамат оқытылды, 425-і сертификат алды.


Ұқсас жаңалықтар:

Өнімді тәжірибе
30 Мамыр
2024
Алматы қаласы

Еншілес ұйымдар

Серіктестер